Белгілі саясаттанушы, журналист, қоғам қайраткері Əміржан Қосанов: «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында фильм түсіру қажет»
Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының «Тарихи мəдени ескерткіштерді қорғау жəне қалпына келтіру дирекциясының» қолдауымен «Тараз Достары» Жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Əулиеатаның киелі жерлері» атты экспедицияда белгілі саясаттанушы, журналист, қоғам қайраткері Əміржан Қосанов осылай деп ағынан жарылды. Олай дейтін себебі де бар. Өйткені, қаланың орталығында орналасқан тарихи-мәдени орталық қала тұрғындарының ғана емес шетелден келген туристердің де қызығушылығын туындатуда. Бүгінде археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатқан орында әлі тарихтың талай таңбалары мен іздері табылары сөзсіз. Сондай-ақ аталған орталықпен «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Əбдіғалиұлы мен мемлекет жəне қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым да танысып жүр. Олар алдағы уақытта өңіріміздің өзге де тарихи-мәдени жерлерімен танысады. Сонымен қатар олар алдағы уақытта дөңгелек үстел мен журналистермен болатын баспасөз мәслихатына қатысатын болады.
TURANINFO.KZ