Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 72-VIII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, а.ж. 15 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді.
Заңға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдары енгізілді, оның ішінде:
108-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру — Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).
109-1-бап. Ұрып-соғу — Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау (бір жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүзден екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады).
Бұрын аталған баптармен көзделген қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстық құқықбұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарында болған.
Тараз қаласы бойынша сәуір айының бүгінгі күнге дейін ҚК-108-1, 109-1-баптарымен жалпы 192 қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру нәтижесімен 47 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Яғни, бұл өзгерістер мен толықтырулар отбасылық жағдайдағы, оның ішінде әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кінәлі тұлғалардың жазасын қатандату және жауапкершілігін күшейту арқылы толық кінәсін жасаған заңсыз әрекетінің нәтижесін сезіну үшін жасалып отыр.
Осы орайда, халық арасында осы баптардың заңдық күшіне еніп, кінәлі тұлғалар тиісті жазаларын алып, жауапкершілікке тартылып жатқандығын ескертеміз.