Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында биыл 85 іс-шара жоспарланған.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестеріне реинжиниринг жасау туралы тапсырма бергенін атап өтті. Осы тапсырма аясында 5 мың процестен тұратын тізім жасалып, олардың 175-не жаңа әдістеме бойынша реинжиниринг жасалды. Атап айтқанда, әрбір қызметті саралай келе, оларды алу үшін азаматтар қанша қадам мен сатыдан өтуі, жұмсалатын қағаз санын анықтап, қажетсіз бюрократия жойылды. Нәтижесінде, жаңа әдістеме негізінде бизнес-процестердің жақсару деңгейі 54%-ға жетті. Осылайша, 2025 жылға дейін барлық 5 мың бизнес-процеске толық реинжиниринг жасалатын болады.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жоспарға сәйкес жүргізілуде, олардың үлесі 94%-ға жетті. Алдағы мақсат – проактивті жұмыс форматына көшу. Ондай қызметтердің саны бүгін 25-ке жетті.
Бүгінгі таңда ең сұранысқа ие қызметтер смартфондарда қолжетімді. Өткен жылмен салыстырсақ, олардың қолдануы 17,5%-ға өсті. Сервистердің Халық және Каспий сияқты танымал платформаларда болуы аталған көрсеткішке оң әсерін тигізді.
«Сондай-ақ 9 мемлекеттік қызмет түрін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, бейне-қызмет арқылы алу мүмкіндігін іске асырдық. Жыл соңына дейін олардың санын 44-ке дейін жеткіземіз. ХҚКО-ларды жаңғырту жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр, қазірдің өзінде 8 жаңа фронт-офис халыққа қызмет көрсетуде. 2024 жылға дейін 115 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылады», — деді Б. Мусин.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанның барлық отбасылары бойынша эталондық деректер базасын құрып жатыр. Күн сайын елдегі 6 млн отбасының әл-ауқаты 80 параметр негізінде жаңартылып отырады.
«Скоринг моделі негізінде әр отбасының қандай тәуекелдерге ұшырайтынын көре аламыз. Бұл, мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмекті проактивті форматта көрсетуге мүмкіндік береді. Осы картаны «Әлеуметтік әмиян» жобасымен интеграциялау негізінде біз мемлекеттік қолдаудың ваучерлік жүйесін іске асыратын боламыз. Мысал ретінде, ваучерлік жүйені дәрі-дәрмек мысалында көрсететін болсақ, бұл процесс едәуір оңтайланатын болады. Атап айтқанда, тегін дәріні алушы поликлиникадан алған рецептіні ұялы телефонға жүктеп, сол арқылы дәріханаға көрсету арқылы шоттан шығарады», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқарту мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратылды. Алдағы уақытта 450 планшет қосымша берілетін болады.
Сонымен қатар Бағдат Мусин Smart Bridge арқылы интеграциялар оңай жүргізілетінін айтты. Ал, Smart Data Ukimet сервисінде бар ақпаратқа сұрау жасауға тыйым салынған. Алдағы уақытта SDU цифрлық каталогында 900 есеп қолжетімді болады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы атап өткендей, жалпы ауылдағы мектептерге дейін интернет инфрақұрылымы толық жеткізіледі. Алайда, мектеп ішіндегі интернетті тарату желілердің болмауы нәтижесінде ауылдық мектептерде білім беру үдерісін цифрландыру төмен деңгейде болып отыр. ЖАО тарапынан оқу процесіне интернетті 100% пайдалану мақсатында компьютерлік техникамен жабдықталған сыныптарда интернетті тарату желілерін қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының денсаулық сақтауды цифрландырудың өте баяу жүріп жатқаны туралы ескертуі аясында eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа архитектурасына көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Бұл азаматтардың ұлттық денсаулық паспортын қалыптастыруға мүмкіндік береді, онда азамат медициналық қызмет көрсету орнына қарамастан барлық диагноздарды, талдауларды және т.б. ақпаратты көре алады. Мұнда Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті қашықтан белсенді пайдалануға ынталандыратын тиісті құқықтық актілерді қабылдау қажет», — деді Б. Мусин.
Инновацияларды дамыту бағытында өнеркәсіп саласында модельдік цифрлық фабрикаларды енгізу үшін жағдай жасалып жатыр. Жалпы кәсіпорындарға тиісті мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр.
768 ауылдың 639-ында мобильді кең жолақты интернеттің сапасын жақсарту бойынша жоспар мерзімінен бұрын орындалды.
ІТ-саласын дамыту бойынша ІТ-компаниялардан түскен салық көлемі 46%-ға өскені байқалады.
Ұлттық жобаның шаралары мен міндеттерін кезең-кезеңімен іске асыру көзделген.
«Ғылым» блогы бойынша Ұлттық жобаны іске асыру ғалымдар мен зерттеушілер санын 34 мың адамға дейін ұлғайту есебінен ғылымның елдің дамуына қосқан үлесінің өсуін арттыруға мүмкіндік береді, әлеуметтік тиімділілік, ал жобаларды жеке қоса қаржыландыру үлесін 50%-ға дейін жеткізу арқылы экономикалық тиімділік береді», — деді С. Нұрбек.
Ғылым және жоғары білім министрі «Ғылым» бағытын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеден асатынын атап өтті