ӨҢІРДЕ «ЖАҢА – РУ» ЖАСТАР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. Бірлестік басшысы — Кадиров Рыскали Олжабаевич.
«Жаңа-ру» жастар коалициясының қауымдастығының мақсаты Жастардың және жасөспірімдердің саяси-құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру, ауыл жастарының бастамашыл жобаларын қолдау, олардың мәдени-әдеби таланты жастарына қолдау.
Бірлестік — 2012 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. 70-тен аса мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырып, қоғамның дамуына үлес қосуда. «Саналы Talks» интеллектуалды идеяларды талқылау, «QazIQ» интеллектуалды ойыны, «Қоғамдық лекция» кәсіби мамандардың өз тәжірибелерімен бөлісу, «Qamqor» қайырымдылық жобалары мен «Sana» көшбасшылар мектебі, интеллектуалды квест ойындарын және «QJL» футбол ойындарын жүзеге асырды. Аталған жобалар оң нәтижесін көрсетуде. Бірлестік тарапынан адам құқығын қорғау, қоршаған орта мен экология, гендерлік мәселелер, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының мүдделерін қорғау сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларда және әр жеке тұлғаның мүддесін қорғау мақсатында жұмыс атқарыпкеле жатқан ұйым ретінде танылды.