Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Mental Health Lab» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдауды цифрлық деңгейге көтеретін бірқатар бастамалар қолға алынды.
Меморандумның негізгі мақсаты — оқушылардың, педагогтердің, ата-аналардың психологиялық әл-ауқатын арттыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында тараптар арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту. Құжат аясында бірлескен жобалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, біліктілікті арттыру шаралары, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау жүзеге асады.
Меморандум шеңберінде әдістемелік қолдау, тәжірибе мен ресурстар алмасы, ғылыми-зерттеу қызметі, кәсіби даму, ата-аналарға арналған ақпараттық науқандар мен іс-шаралар өткізу, балалардың психологиялық жай-күйін үнемі бақылап отыратын механизмдер жасау сындынегізгі бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Бұл меморандум — Жамбыл облысының білім беру жүйесінде психологиялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолындағы нақты әрі маңызды қадам.
Жамбыл облысы Білім басқармасы