Бүгін Тараз қаласында орналасқан «Баласағұн» мәдениет сарайында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында есеп — беру жиыны өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары және аймақ тұрғындары қатысты. Өңірдің барлық ауданындарында тікелей байланыс жүргізілді.
— «Су тапшылығы. Бұл — белгілі жағдай. Жамбыл облысы ағын судың 80 пайызын Қырғыз елінен алады. Осы проблеманы шешу үшін биылдан бастап картада бұрын болған шағын тоғандарды қалпына келтіру, сондай-ақ тоғандар салатын жаңа мүмкіндіктерді қарастыру көзделіп отыр. Ал, мемлекеттік бағдарлама аясында, сыйымдылығы 40 млн. Текше метр құрайтын 3 су қоймасын салу жоспарда бар. Сонымен қатар, 2021 жылға дейін «Қарақоңыз (Қордай), «Ынталы (Сарысу), «Тасөткел (Шу) су қоймалары көлемін ұлғайту жұмыстарын жүргізу де жоспарда бар. Биыл 24 су қоймасы мен бөгеттер ағымдағы жөндеуден өтеді. Иесіз қалған өзге де нысандарды коммуналдық меншікке қайтару қажет. Бұл жұмыстар аяқталса, 86 мың га суармалы жер қайта айналымға енгізіледі» — деп мәлімдеді Асқар Исабекұлы.
Фото: Алтынбек Қартабай