• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Өңір басшысы қала әкіміне 6 тапсырма берді

15.02.2018
0
Орта және шағын кәсіпкерлікке жастар ұйымдары белсене араласу қажет
207
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімі Рүстем Дәулет тұрғындар алдында 2017 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Есепке Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен тұрғындар қатысты.
— «Бүгінге біраз әңгіме құрдық. Біраз ойларымызды ағыттық. Шын мәнінде Тараз қаласының әлдеде болса экономикасын дамытуға байланысты ойланатын тұстарымыз өте көп. Есепте өздеріңіз көрдіңіздер, инвестициялық жобаларды енгізу бойынша өткен жылы бар болғаны 3-ақ жоба іске асқан. Ал енді, қаланың потенциалы қандай? Осыған байланысты тапсырма бергенімде маған берілген мәліметке сәйкес бүгінгі таңда қалада 41 өндірістік-базалық блок тоқтап тұр. Кезінде әр түрлі себептермен жекешеленген, бүгінгі таңда ол 41 өндірістік орында жұмыс істемейді. Бұдан бөлек 54 кәсіпорын жұмыс істемей қалған. Жұмыс істейтінінің жүктемесі өзінің қуаттылығынан әлде қайда төмен. Міне, қаланың экономикасының әлеуеті бірінші кезекте осы жерде. Жаңадан жоба жасаған күннің өзінде осы өндірістің көздерін ары қарай дамытуға қатысты, ары қарай проблемасын шешіп қолдауға қатысты жұмыс мөлшері аз болып тұрған жоқ. Біз, ендігі кезекте осы кәсіпорындардың базасын жасайық. Әрбір кәсіпорынның паспортын, төлқұжатын жасайық. Ол кәсіпорын бұрын қандай қызметпен айналысқан, жағдайы қалай, қандай проблемасы бар, сол мәселелерді шешуге қатысты кім не істеуі керек? Осыны жасап, осыны талдап, жұмыстың жүйесін жасайтын болсақ, қаланың экономикасы әлдеқайда ілгерілейтін болады. Жаңа есепте берілген слайдта көрдіңіздер, қаланың өзінің бюджетінің кірісі небәрі 10 миллиард ғана теңге. Қаланың бюджетінің жағдайы, экономикасыны жағдайы осындай. Сондықтан да бірінші кезекте қала әкімінің, қала тұрғындарының, кәсіпкерлерінің, сіз бен біздің мықтап, ойланып, қаланың экономикасын көтеруге қатысты кірісетін жұмысымыз осы. Одан кейін қала экономикасына қатысты ойландырып отырған тағы бір мәселе – жұмыссыздық мәселесі. Мемлекет тарапынан арнайы атқарылып жатқан «жұмыспен қамту», «кәсіпкерлікті дамыту» сияқты бағдарламалар бар. Сол бағдарламалардың қорытындысын алып қарасаңыздар, бұл жерде де атқарылатын жұмыстардың көп екені аңғарылып отыр. Былтырғы 2017 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағдарлама аясында қызметпен қамтылған азаматтардың небәрі 48 пайызы ғана тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, жастардың небәрі 40 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл үлкен проблема. Яғни, осы тұста сіз бен біз үлкен қызмет атқаруымыз керек. Бірінші кезекте ол – әкімдіктің жұмысы. Ол жерде біз қалаға тиісті тапсырмалардың бәрін бердік. Қазір сол межелердің бәрі қойылып жатыр. Біз сол жоспарға сәйкес жұмыс істейтін боламыз. Келесі мәселе – қаланың келбеті. Ал, одан бұрын — қаланың коммуналды шарушалығы. Коммуналды шаруашылығы қаншалықты деңгейде бүгінгі талапқа сәйкес қызмет атқарып отыр? Кешегі, бүгінгі жауған қардың өзі жұмыстың деңгейін көрсетіп отыр. Шын мәнінде қалада коммуналды шаруашылыққа қатысты мәселелердің бар екенін жасырын емес. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл жерде де нақты тапсырмалар берілді. Ол тапсырмалар бойынша да жұмыстар жасауымыз қажет. Аз уақыт бұрын қаланың тазалығына қатысты «Жасыл ел Тараз» коммуналды шаруашылығына барғанымызда тозығы жеткен техниканы, қар тазалауға арналған техниканың жетіспейтіндігін көрдік. Айталық, жылда мұндай қар жауа қоймас. Сондықтан көптеген техниканы ала берудің қажеті жоқ. Қар жаумаса бекерге тоқтап тұрады дегендей де уәж айтылып жатыр. Қалада осындай техникасы бар кәсіпорындар бар. Сол кәсіпорындармен тиісті келісім шарттар неге алдын-ала жасалып қоймайды? Неге бәрі дайын болып тұрмайды? Осындай қар жауған жағдайда олардың бәрін бір мезетте тиісті деңгейде жұмылдыруға қатысты тиісті келісім шарттарымыз болуы керек. Осы жерде де бірнеше проблеманың бар екені көрініп отыр. Оның шет жағасын өздеріңіз де айтып отырсыздар. Аяқ жолға қатысты, қоқысқа қатысты. Олардың бәрін реттеуге болады. Осы жерде айтылған аялдамаға қатысты мәселені талдайтын болсақ, кейбір жерлерге аялдама керек, кейбір жерлерге қарасам аялдаманың қажеттілігі шамалы. Сол сияқты қойылған бағдаршамдардың көзге көрініп тұрғаны, кей жерлерде артығымен тұрғаны, кей жол белгілерінің қажетсіз жерлерде тұрғаны мәселе болып отыр. Әзірге қаладағы көліктің саны үлкен кептеліске алып келмей отырған шығар. Бірақ көлік жылдан жылға көбейеді. Ертең оны да ескермейтін болсақ, бұл да үлкен проблемаға айналатын болады. Басқа да жолдағы белгілер мен қаланың келбетіне қатысты мәселелерді талдап, бір жүйеге келтіруіміз керек. Тағы бір көзге көрініп тұрған мәселе – жабайы сауда орындары. Мұны да ретке келтіруіміз керек. Ол жерде қандай сауданың орын алып отырғанын сіздер де жақсы білесіздер. Ретке келтірген күннің өзінде онда нәпақасын тауып отырған адамдарды қуып емес. Ия, оны да ескеруіміз керек. Ескере отырып реттеуіміз қажет. Жаңа қаланың біркелкі архитектуралық келбетіне, қоғамдық қозғалысына тоқталып өттік» — деп сөз етті Асқар Исабекұлы.

Фото Алтынбек Қартабай

TURANINFO.KZ

Тегтер: АСҚАР ИСАБЕКҰЛЫАсқар МырзахметовЖамбыл облысыРүстем ДәулетРҮСТЕМ РЫСБАҰЛЫТараз қаласы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты