Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындауға қатысты қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.
«Жобада ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін төмендету көзделіп отыр», — деп жазылған хабарламада.
Құжатқа сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.
Бұл ретте банк қарыздары бойынша шекті мөлшерлеме сол күйінде сақталады: кепілсіз қарыздар бойынша 46 пайыз, кепілмен берілген кредиттер бойынша 35 пайыз.