Бүгін білім қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі аясында «Инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың заманауи кезеңі: үздіксіз және жүйелілік» тақырыбында арнайы және инклюзивтік білім беру бағыты бойынша секция отырысы өткізілді.
Онлайн жиында облыстағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету, арнайы және инклюзивті білім беру жағдайы талқыланды.
Секция жұмысына жалпы 340 педагог қатысты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы