• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

inDrive және Satbayev University inVision U жобасын құру туралы келісімге қол қойды

Арсен Томский: “Бұл – бас кеңсесі Алматыда болатын қазақстандық жоба, ол еліміздің халықаралық беделін арттырады”. inDrive және Satbayev University inVision U жобасын құру туралы келісімге қол қойды

20.02.2025
0
inDrive және Satbayev University inVision U жобасын құру туралы келісімге қол қойды
71
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Satbayev University және Арсен Томский Қазақстанның және Орта Азияның дарынды түлектеріне тегін жоғары білім беретін inVision U факультетін құрады. Барлық студент ақысыз білім алады, ал аз қамтылған жастарға оқу шығынымен қатар, жатақханада тұру, тамақтану және көлік шығындарын жабуға арналған стипендия қарастырылады.

2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Премьер-министрімен кездесуде inDrive басшысы 400 студентке арналған inVision U университетін  ашу бастамасын көтерді. Мұнда IT, маркетинг және медиа, ғылым, сондай-ақ басқа да салалар бойынша мамандар даярланады. Бұл жобаны іске асыру үшін Satbayev University Жобаларды басқару институтының жанынан әлеуметтік сала мен бизнестің болашақ көшбасшылары даярлайтын автономды факультет құрылады. Оқыту пәнаралық байланысқа, жобалық жұмысқа және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге негізделеді.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі, соның ішінде шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі адамдарға тең мүмкіндіктер ұсынатын платформа ретінде inDrive қоғамдастықтардың тұрақты дамуын қолдауға ұмтылады. Білімге инвестиция сала отырып, компания жастардың әлеуетін ашып, олардың тек өз болашағын құрып қана қоймай, қоғамның да маңызды мәселелерін шешуге және оның өркендеуіне үлес қосуға мүмкіндік беруге көмектеседі.

Бағдарлама 2025 жылдың қыркүйегінде басталады деп жоспарланып отыр. Алғашқы оқу жылы дайындық пәндері циклінен (Foundation) басталып, студенттер сыни ойлау мен талдау дағдыларын меңгереді, ағылшын тілі, математика және IT саласында тереңдетілген білім алады.

inDrive негізін қалаушысы және inVision U бағдарламасының жетекшісі Арсен Томский:

“inVision U факультетінің ашылуы көптен күткен арманымыздың алғашқы қадамы болмақ. Бұл университет жоғары білім саласында инновациялық жобалар онша дами қоймаған аймақтардағы болашақ көшбасшылар мен жаңашыл адамдарға жол ашады. inVision U-да оқу тегін болады, сондықтан талантты студенттерге әлеуметтік жағдайына қарамастан білім алуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, ауылдық жерлерден келген талапкерлер үшін оқуға бейімделуге көмектесетін дайындық жылы (Foundation year) қарастырылған. Осы кезеңде бізді Орталық Азиядағы жетекші инженерлік білім және ғылыми зерттеу университеттерінің бірі – Satbayev University-мен бірлесіп жұмыс істеу қуантады. Алдағы уақытта алғашқы бағдарламалар іске қосылғаннан кейін және мықты оқытушылар құрамы қалыптасқан соң, Алматыда жеке кампусы бар толыққанды университет ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл жобаны әлемнің басқа өңірлеріне де шығаруды көздейміз. Бұл – бас кеңсесі Алматыда болатын қазақстандық жоба, ол еліміздің халықаралық беделін нығайтады”, – деді.

Дәстүрлі дәрістердің орнына inVision U бағдарламасында практикалық жобалар мен командалық жұмысқа баса назар аударылады. Студенттер аймақтық және жергілікті мәселелердің шешімін іздейді, ал оқу аяқталғаннан кейін бизнес пен әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін қолдау және тәлімгерлік бағдарлама ұсынылады. Бұл жастардың туған жерінде қалып, елінің дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.

Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев: “Біз үшін зерттеу университеті ретінде студенттерімізге болашаққа бағытталған инновациялық салаларда өз күшін сынауға  мүмкіндік беру аса маңызды. Біздің студенттер PennState және CityU қос дипломды бағдарламалары бойынша білім алады, Қытайда логистика және теміржол саласын меңгереді, сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өндірістерде дуалды оқыту бағдарламаларынан өтеді. Мұның бәрі студенттеріміз Satbayev University-дің алдыңғы буындарының жылдар бойы қалыптастырған көшбасшылық дәстүрін ары қарай жалғастыруы үшін жасалып отыр», – деп ой бөлісті.

inVision U бағдарламасына тегін білім беру, тәлімгерлік және тәжірибеге негізделген оқыту кіреді. Түлектерге оқуын аяқтағаннан кейін де стартаптар мен әлеуметтік бастамаларды іске қосуға көмектесу арқылы қолдау көрсетіледі.

inVision U оқу үш тілде – ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде болады.

inVision U президенті Эндрю Вахтель: “Satbayev University-мен серіктестіктің нәтижесінде ерекше синергия қалыптасады: академиялық тәжірибе мен инновациялық оқыту әдістерін біріктіру студенттерге озық білім мен дағдыларға қол жеткізу мүмкіндігін береді. inVision U оқу бағдарламасы өзара байланысты бес бағытты қамтиды: Ғылым, Технология, Қоғам, Маркетинг және медиа, сондай-ақ Мемлекеттік басқару. Біздің студенттер тек мәселелерді шешуді үйреніп қана қоймай, пәнаралық командаларда жұмыс істей отырып, мәселенің тұрақты шешімін табуға қажет кәсіби және икемді дағдыларын дамытады”, – деп ой қосты.

Foundation Program бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылғы 15 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Бағдарлама 2025 жылғы 1 қыркүйекте іске қосылады. Undergraduate Program бойынша оқу 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталады. Өтінім беру мерзімдері туралы толық ақпарат кейінірек жарияланады. Толығырақ мәлімет inVision U ресми сайтынан алуға боладыі: www.invisionu.education.

Серіктестер туралы

Satbayev University (ҚазҰТЗУ – Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) – Қазақстандағы ең көне және ең беделді техникалық университеттердің бірі. Ол тау-кен және мұнай-газ саласындағы зерттеулерімен танымал. 90 жылдан астам уақыт бойы бұл жоғары оқу орны Қазақстандағы техникалық прогресс пен көшбасшылықтың символы болып келеді. Satbayev University негізінен техникалық мамандықтарға басымдық бергенімен, архитектура мен менеджментті де оқытатын көпсалалы университет. Университет туралы толық ақпаратты www.satbayev.university сайтынан алуға болады.

inDrive – әлеуметтік әділетсіздікпен күресуді мақсат ететін, мобильділік пен қалалық қызметтерге арналған жаһандық платформа. Өзінің миссиясына сүйене отырып, компания 2030 жылға қарай миллиардтаған адамның өміріне оң ықпал етуді көздейді. Бұл мақсатқа ол жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын әділ баға белгілеу моделін енгізу арқылы және өзінің коммерциялық емес inVision ұйымы арқылы қол жеткізіп келеді. inVision бастамалары білім беру, спорт, өнер мен ғылымды дамытуға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және басқа да маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

inDrive 48 елдің 888-ден астам қаласында қызмет көрсетеді. inDrive қосымшасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп, 2023 жылы көлік шақыруға арналған ең танымал мобильді қосымшалардың ішінен екінші орын алды. Такси шақыру қызметінен бөлек, inDrive қалаішілік және қалааралық тасымал, жүк жеткізу, тапсырмаларды орындауға көмектесу және курьерлік қызмет сынды көптеген қызметтерді ұсынады. Толық ақпарат алу үшін www.inDrive.com сайтына кіріңіз.

Тегтер: inDriveSatbayev University
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

09.06.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

09.06.2025
Шу ауданында 39 отбасы қоныс тойын тойлады

Шу ауданында 39 отбасы қоныс тойын тойлады

08.06.2025
Президент Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Тоқаев жаңа Қорғаныс министрін тағайындап, көлік министрін қызметтен босатты

08.06.2025
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

08.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты