Бұл туралы ол Уайт The New York Times газетінде мәлімдеген.
Айтуынша, ол екі кәсіпкерге де күнде кешке телефон шалып отырады, екеуінің де бұл жекпе-жекке деген құлшынысы жоғары.
Уайт Масктың қарсыласынан 30 келі ауыр екенін және салмақ қуаламайтынын атап өтті.
«Бізде ешқашан кәсіпқой жекпе-жек өткізбеген екі жігіт бар және олар екі түррлі салмақ санаттарынан. Бұл UFS тарихындағы ең үлкен жекпе-жек болады»,- деді ол.
UFC президенті жекпе-жектің индикативті болатынын және ұйымның құзыретінен тыс өтетінін атап өтті. Дегенмен, Дана Уайт ұйымға көмектесуге дайын. Жекпе-жектен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.
22 маусымда Цукерберг Масктың өзара мәселелерін шайқас алаңында шешуге шақыруын қабылдады. Миллиардердің мұндай ұсынысы интернетте Meta-ның Маскқа тиесілі Twitter-ге бәсекелес қосымшаны іске қосу ниеті туралы ақпарат пайда болғаннан кейін келді.
Екі мықтының арасындағы қақтығыс Цукербергтің Мета Project 92 кодтық атауы бар Twitter-ге бәсекелес қосымша жасағанын жариялағаннан кейін басталды.
Project 92-дегі жұмыс туралы хабарламадан кейін Twitter иесі Цукербергті жан-жақты қорлай бастады. Маск Twitter-дегі жазбаларының бірінде Meta директорымен рингте жекпе-жекке шығуды қалайтыны туралы жазған. Джиу-джитсумен айналысатын Цукерберг өз кезегінде Маскпен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.