Кішкентай игі істер көбінесе үлкен күш-жігерді қажет етпейді. Ал есесіне оның әсерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оған біз төмендегі игі іс арқылы куә боламыз.
Ағымдағы жылдың 15 наурызында “30 игі іс” қайырымдылық марафонына сәйкес Жамбыл облысы, Жуалы аудан №7 өрт сөндіру бөлімі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп Б.Момышұлы ауылында тұратын отбасыға арнайы бас сұқты. Құтқарушылар әрине, құр қол келмей,
мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасына сыйлықтар сыйлады. Ал өз кезегінде отбасы мүшелері от жауынгерлеріне алғыс білдірді.
Біз де өз тарапымыздан қазіргідей қиын-қыстау кезеңде баршамыз бір- бірімізге қолдау көрсетіп, әрдайым қайырымдылық жасап, қуаныш сыйлайық дегіміз келеді.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметінің Қоғаммен байланыс тобы