Гамбургтегі нәтиже.
Германия елінде жалауын көтерген бокстан кезекті әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрамасы 10 боксшысын бәйгеге қосып, 3 қола, 2 күміс, 1 алтын жүлдемен елге оралатын болды. Қола жүлдеге 49 келіге дейін Ержан Жомарт, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 91 келіге дейін Василий Левит; күміс жүлдеге 75 келіге дейін Әбілхан Аманқұл. 91 келіден жоғары Қамшыбек Қоңқабаев; алтын жүлдені 56 келіге дейін салмақта Қайрат Ералиев иеленді.
Әлем чемпионатында есте қалғаны Әбілхан Аманқұлдың Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы Арлен Лопесті жеңгені, Абылайхан Жүсіповтың Винченцо Маниачапремен өткен кездесуінде итальялықтың қолын төрешілер көтеріп. Кейінірек Абылайханға жеңісті сыйлады. Әлем чемпионатында 5 алтын алған Кубалық құрама командасы бірінші орын алды, ал 69 келіге дейін салмақта Өзбектан құрамасының намысын бермеген Шахрам Гиясов алтын ие болып, 3 күміске қанағат қылды.
Фото QAZSPORT.KZ скрин жасалынды.
TURANINFO.KZ