Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін жария ету – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады. Cол мақсат жолындағы жазбамыздың келесі кейіпкері неміс қызы – Ульяна Морланг.
Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін жария ету – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады. Cол мақсат жолындағы жазбамыздың келесі кейіпкері Ульяна болмақ.
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Миролюбовка ауылының Миролюбовка орта мектебінде 11-сыныпта оқитын Ульяна Морланг Дулат Бабатайұлының әйгілі «Еспенбет батыр» дастанын жатқа оқиды. Ульянаның жырды жаттауына себепкер болған осы мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шалова Балқия Картайқызы оқушысының есте сақтау қабілетінің жоғары, зердесі мен зейіні мықты екенін айтып отыр.
Ульяна қазақ тілі мен әдебиетіне құрметпен қарайды және қазақ тілін жақсы түсінеді, сөйлейді. Мен оның еңбекқорлығына және тиянақтылығына риза боламын. Ол осы мектептегі озат оқушылардың бірі, — деді Балқия Картайқызы.
Ульяна қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Келешекте әскери іс бойынша маман болғысы келеді.
Қазақ тілін орта мектептегі қазақ тілі мұғалімім Балқия Қартаевна үйретті. Әзірге басқа эпостарды жаттағаным жоқ. Келешекте әскери іс бойынша маман болғым келеді, — дейді жас өрен.
Биыл көктемде Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасына қарасты ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде «Мен қазақша сөйлеймін 2021» атты акцияға Ульяна да қатысқан болатын. Оның оқыған «Еспенбет батыр» дастаны Ютюб және инстаграм желісі арқылы тарап (3 жарым минуттық видео), көрерменнің қызығушылығын оятып, қомақты көрілім мен лүпіл жинады. Сілтеме жасап, ризалығын пікір жазып білдіргендер де аз болмады.
Одан бөлек Ульяна белсенділік танытып, біршама интелектуалдық және көркем сөз сайыстарына қатысып, мектебінің абыройын сәтті қорғай білді. Жер жерден алған алғыс хаттары мен марапаттары соған дәлел.
Қазақ тілінің қазынасы саналатын құнды жырлар мен дастандарды жаттай білген Ульянаға оқуында табыс, сайыстарда жеңіс тілейміз.
Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» жобасы аясында әзірленді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/28308