Мойынқұм ауданында «Есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы жүзеге асырылды
Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жаңа Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі «Есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың қазан-қараша айлары аралығында Мойынқұм ауданының орталығы және ауылдық округтерде жоба аясында жоспарға сәйкес іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, өткізілді. Нақтырақ атап өтсек Күшаман ауылында және Мойынқұм ауылының Б.Момышұлы орта мектебінде «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» атты кездесу, Мойынқұм ауылының №8 колледжінде «Ел ертеңі – есірткісіз болашақ» атты есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша семинар, Мойынқұм аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Жастар есірткісіз болашақ үшін» атты акциясы, Жамбыл ауылдық клубы және Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде «Есірткісіз болашақ» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға «Жаңа Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі белсенділері, аудан тұрғындары, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Колледж оқытушылары мен студенттер, және мектеп мұғалімдерімен оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысушыларына бірлестік тарапынан арнайы дайындалған бүктеме қағаздары үйлестіріп берілді. Жалпы іс-шараларға 300-ге жуық адам қатысты. Сонымен қатар іс-шара қатысушыларына кері байланыс, салаунама парақтары таратылып, қатысушылардың кездесуге деген пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.