Сотпен не анықталды:
Тараз қаласы аумағында орналасқан «Керімбай» атты техника жөндеу орталығының алдында А.-ға тінту жүргізу барысында, өткізу мақсатында заңсыз тасымалдап, өзімен бірге сақтаған, аса ірі мөлшердегі 44-дана орама жалпы салмағы 610,37 грамм «каннабис смоласы» есірткі заты табылып алынған.
Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушы А.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы А. кінәсін мойындамады.
Дәлелдемелер бойынша:
Жасаған іс-әрекеті тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында толтырылған процессуалдық құжаттармен, куәлердің жауаптарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және басты сот талқылауында зерделенген қылмыстық істің процессуалдық өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сот шешімі:
Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сот оның тұрғылықты жері бойынша жақсы мінезделуін таныды. Қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ. Сот үкімімен ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша А. кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі