• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЕРНАЗАР АУЫЛЫНДА ІНДЕТТІҢ БІРДЕ-БІР ДЕРЕГІ ТІРКЕЛМЕГЕН

30.01.2021
0
ЕРНАЗАР АУЫЛЫНДА ІНДЕТТІҢ БІРДЕ-БІР ДЕРЕГІ ТІРКЕЛМЕГЕН
320
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Әлемхалықтарына тажалдың айтып келмесін анық ұғындырған коронавирус індеті жасты да, жасы шау тартқан кәріні де, байды да, жарлыны да аяп жатпағанын күнделікті әлемжелілер мен баспасөз беттерінен аңғаруға болады.

Әлі күнге дейін дауасы табылмай отырған дерттің қоржыны миллиондаған адамның өлімімен толықты. Халық абдырап, денсаулықтың аса маңызды құндылық екеніне көзі жетті. Қалтаның қамын ойлаған азаматтар туыс-туғанның саулығынан асқан байлық жоқ екенін, денсаулық — бірінші байлық екендігін түсінді.

Халықаралық сарапшылардың мәлімдеуінше, аты жаман кеселді ауыздықтаудың жалғыз жолы — бетперде режимін ұстану, халық көп шоғырланған орынға бармау, той-жиыннан бас тарту. Бұл талаптар өмір мен өлім арасындағы сара жол іспетті. Әйтсе де күн қамын ойлап, шалыс басқан жандар, мүлт кеткен шағына қайта көз жүгіртті. Бірақ, тым кеш еді. Сақталмаған сақтық шаралары жалған өмірдің соңғы аялдамасына жеткізіп салды.

Осы орайда яғни, індеттің алдын алу мақсатында Жамбыл ауданында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілген десек, ауданға қарасты Ерназар ауылында осы күнге дейін коронавирус індетінің бірде-бір дерегі тіркелмеген.

Ерназар ауылдық округінің халық саны 1697 адам, 796 аула, 1 мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 клуб, кітапхана, 1 пошта, 3 дүкен, 75 шаруа қожалығы бар.  Жер көлемі 36640 гектарды, оның ішінде әкімшілік жері 2110 гектарды, шаруа қожалықтарының жері 2471, суармалы жер 1130 гектарды, шабындық 1628 гектарды, жайылым 24211 гектарды құрайды. Округ бойынша тұрғындардың қолында 1426 бас мүйізді ірі қара, 16768 бас қой-ешкі, 818 бас жылқы, 92 бас түйе, 2100 құс тіркелген екен. Бізді аядай ауылдарда індет жұқтырғандар анықталып жатқанда 1700 тұрғыны бар елді мекендегі эпидемиологиялық жағдай қызықтырған болатын.

Содан ауыл әкімі Мырзахан Әбдіқұловпен тілдескен едік.

— Сұрағыңыз өте дұрыс. Ауылда бәлекеттің дерегі тіркелген жоқ. Тіркелмеуі үшін күш салып, рейд шараларын өзім бастап ұйымдастырып жүрмін.
Ауылдағы мешітте күніне бес мәрте халыққа індеттен сақтану жолдары құлағдар етілсе, әлеуметтік нысандарға жаднамаларды жаппай ілдік. Көрнекі жерлердегі баннерге карантин талаптары жазылған үнпарақтарды жапсырдық. Учаскелік полиция қызметкерлерінің көлігіндегі дыбыс ұлғайтқыштың көмегімен бетперде тағу, арақашықтықты сақтау керектігін көше бойымен хабарладық. Сырқаты анықталған науқасты бірден дене қызуын өлшеп, дәрігерлермен бірге үйді-үйділерге жедел жеттік. Бәлкім сақтық шараларына ауыл болып көңіл бөлгеннен болар, бұл індет бізге бас сұқпағаны, — деді Мырзахан Жақсылықұлы бізбен әңгімесінде.

Әкімнің сөзін көшеде әлдене бір шаруалармен жүрген азаматтардың бетперде тағып алуы дәлелдей түскендей. Бұл Жамбыл ауданындағы Ерназар елді мекені. Осындайда, ауылдың ауызбіршілігі мен сақтық шараларына деген көзқарасы басқа да елді мекендерге жұғысты болса дейсің.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

18.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды

18.06.2025
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

18.06.2025
Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

18.06.2025
Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский