Бұл туралы вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«Енді жеке кәсіпкерлікке кіруді, жеке кәсіпкерлік ашуды әртүрлі жолмен қатаңдатамыз. Бізде тиісті нормалар дайын. Бұрын заңбұзушылық жасағандар, жұмыс істемеген жәке кәсіпкерлігі бар адамдар үшін жаңа жеке кәсіпкерлік ашу қиындай түседі», — деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.