Төл спортымыз негізінен ат спорты, зияткерлік және жекпе-жек түрлерінен бастау алады. Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге сияқты спорт түрлерін жатқызуға болады. Биылдан бастап 11 ұлттық спорт түрі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес басым спорт түрлері тізбесіне енгізілді.
Осыған орай, ұлттық спорт түрлеріне арналған арнайы жазбалар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Бүгін сіздерге аударыспақтың ерекшеліктері мен маңызы туралы айтып береміз.
Туризм және спорт министрлігі