ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, жыл бойы су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 70 жылжымалы маусымдық құтқару бекеті жұмыс істейді.
Сонымен қатар, биыл әкімдіктер мен су жағасындағы демалыс орындарының иелері мен Министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен 100-ден астам қоғамдық құтқарушылар дайындалды.
«Өкінішке орай, суға батып, қайтыс болғандардың 95%-ы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген жерлерде орын алып жатыр. Қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ-та, әкімдіктер мен өңірлік ТЖД сайттарында, 2ГИС қосымшасында орналастырылады. Бүгінгі таңда еліміздің су көздерінде 698 демалыс орны бекітілген», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қазір әкімдіктер қосымша 84 орын құру бойынша жұмыс жүргізуде.
ТЖМ баспасөз қызметі