• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ЭКСПО-2017: Тараз – әлем жұртына тарихымен есік ашады

02.02.2017
0
ЭКСПО-2017: Тараз – әлем  жұртына  тарихымен есік  ашады
488
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Уақыт ағымымен жақындап келе жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Ежелгі Тараз қаласы – әлем жұртына есігін тереңнен тартқан тарихымен ашпақ. Жамбыл облысы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан іргелі мекендердің бірі және бірегейі. Тарихы мыңжылдықтардың мұратымен үндесіп, адамзат өркениетінің елең-алаңымен астарласқан аяулы алтын бесігіміз — Тараз қаласының тарихи шежіресін парақтау дәуірі XX-ғасырдың ғаламат сыйы — Тәуелсіздік таңымен ұштасады.
Алғашқы іргетасы біздің жыл санауымыздан жүз жыл бұрын қаланған қасиетті мекеніміз, өзінің өрелі ғұмырында талай-талай тарихи тасқындар мен дауылды ғасырларды бастан өткерді, «Ұлы Жібек жолының» кіндік бекеттерінің бірі, аса ірі өркениет ошағы ретінде батыс пен шығысты жалғады, сөйтіп — «Тараз – тарихымыздың алтын арқауы» дейтін мәртебеге ие болды.
Тәуелсіз Қазақ Елінің тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дуалы аузынан шыққан шымқай шындықтың арғы тегінде тебіндеген Тараз тарихының жарқын беттері – арғысы жалпы түркі өркениетінің, бергісі Қазақ мемлекеттігінің басынан кешкен көп жақсының басында тұрғандығымен ерекшеленеді.
Екінші Түрік империясының тарихтан ойып тұрып орын алған ұлы тұлғасы Тон Ябғу ордасын тіккен Мыңбұлақ мекені, адамзаттың даму тарихына аса ірі бетбұрыс әкеліп, аймақ аясында Ислам өркениетінің өркен жаюына себепкер ұлы шайқас өткен (751ж.) Атлах қаласы жатқан, араға ғарасат ғасырларын салып, ақыры 1465 жылы Керей мен Жәнібек оғландар Қазақ Хандығының алтын туын аспандатқан Қозыбасы биігі тұрған Шу-Талас аңғарының бас қаласы Тараз тарихының тынысы тылсым болмысының бүгінгі қауымға да айтары мол…Жалпы түркі әлеміне ортақ өрімдерімен ерекшеленетін Өркениет өрісіне өлшеусіз үлес қосқан Тараз қаласы, киелі қала осыдан 21 ғасыр бұрын өз іргетасын қалаған Шу-Талас аңғары туралы әлемдік тарихнамада арнайы тарау бар екендігін біреу білсе, біреу біле бермеуі мүмкін. Бүгінгі шекеаралық шеңберді тарихи таным өресімен «бұзып» көрсеңіз, түркілік ұлы өркениет аясының Азия — Алтай асқарлары мен далаларын аттап алыс құрлықтарға дейінгі ауқымды қамтитындығына қанығар едіңіз…




Ежелгі балбалдар мен тастағы таңбалар, мәңгітастардағы сына жазулар мен ел аузындағы аңыз-әфсаналар әлемі осыны меңзейді! Осынау құндылықтардың бел ортасында тағы да Тараз-Талас, Шу-Мерке өңірлері алыстан мен мұндалайды… Тарихи томдар тарауларынан ойып тұрып орын алған Талас жазуы, Қаратау сілемдерін қуалаған ежелгі қоныстар шоғыры, Қарасай-Мойнақ петроглифтері, Мерке-Жайсаң жауһарлары түркі өркениетінің түп тамырымен біте қайнасқан құндылықтар екендігін сезінесіз! Бүгінгі ұрпақ парызы – осынау құндылықтардың қуат-күшін, кескін-келбетін бүгінгі ұрпаққа рухани ұлағат ретінде ұсынып, болашақ ұрпаққа Ата-Аманат санатында табыстау, әлем жұртына түмен жылдар түрен тимеген тың жаңалық ретінде жеткізе білу болса керек.
Енді міне оның да орынды орай келіп тұр. Ол орай – әлемдік қауымдастықтың, ең алдымен инженерлік ақыл-ойының жетістіктерін әлем талқысына салатын, Тәуелсіз Қазақ Елінің төрінде түңғыш рет ашылып, әлемнің әр түкпірінен келетін 5 миллион адамды асыға күтіп отырған сарабдал іс-шара — «ЭКСПО-2017» көрмесімен байланысты. Өткен 2016 жылдың қазан айында аталып өткен Қазақ Хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңындағы қарбалас жұмыстардың нәтижесінде ежелгі Тараз тағы да бір түледі, 2100 жылдық тарихы бар ежелгі қаламыздың ажарына ажар қосар игілікті істер атқарылды. Сәулетті ғимарат-құрылымдар – «Ежелгі Тараз» музейі, тамашалау-шолу мұнарасы, «Достық үйі» бой көтерді, кешенді археологиялық зерттеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, еліміздің тарихындағы тұңғыш ашық аспан астындағы музей ашылды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ежелгі жәдігерлерді музей сөресіне орналастыру жұмыстары жақын мерзімде аяқталып, мәңгілік мұралардың көпшілік көзайымына айналар сәтіне де санаулы күндер қалды. Амандық болса, келер жылы әлем жұртына өз есігін Қазақ Елінде айқара ашатын «ЭКСПО-2017» Көрмесінің қонақтары, көрме аясында өтетін арнайы бағдарламаға енгізілген Тараз бағыты бойынша киелі мекенімізге ат басын бұрмақ.
Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар тарихи мұраларға тұнып тұрған өлкеміздегі «Ежелгі Тараз», «Айша бибі», «Қарахан», «Тектұрмас», «Ақыртас» нысандарының кез келген қонаққа жасқанбай көрсетуге татырлық келбетін тамашалап, олардың деңгейі биік тарихымен танысатын болады. Ол үшін арнайы бағдарлама жасадық, кәдесый өнімдерін шығару, тіл мамандарын іріктеу жұмыстарын да қолға алып жатырмыз. Сонымен бірге, қорық-музей мамандарынан жасақталған топ «ЭКСПО-2017» көрмесі қонақтарына арналған арнайы көрме жасақтап Астана қаласына іс-сапармен барады, олар бір ай бойы қөрменің мәдени іс-шараларға арналған арнайы залында «Шырағдандар шеруі» атты көлемді экспозиция құрып көрме қонақтарына қызмет көрсетеді. Онда Тараз тарихына арналған бейнефильм көрсетіліп, Әулие-Ата-Тараз топырағында мәңгілік мекенін тапқан киелі жәдігерлер жайында түсірілген фото-бейне өнімдері көрсетіледі. Арнайы көрменің негізгі арқауы – Тараз жерінде әр жылдары жүргізілген археологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде табылған, біздің ата-бабаларымыздың өткен өмір-кешкен ғұмырынан, олардың ұлттық-ұлыстық мәдени-рухани деңгейі мен шеберлік мектептерінен хабар беретін жәдігерлерден тұратын болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Ежелгі Тараз мәдени-туристік бағытының ауқымы Жамбыл облысының, ең алдымен, тарихи-рухани, мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңінен қамтып, өлкемізде туристік кластердің дамуына игі ықпал етететіндігіне сеніміміз мол. Яғный, іс-шараның жауапкершілік деңгейі биік те мәртебелі.

Алмас МҰХТАРОВ,
ҚР МСМ «Ежелгі Тараз ескерткіштері»
ТМҚМ Бөлім басшысы

Тегтер: 2017Айша бибіҚарахан бабатарихэкспо
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты