Бүгін Тараз қаласында орналасқан «Баласағұн» мәдениет сарайында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында есеп — беру жиыны өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары және аймақ тұрғындары қатысты. Өңірдің барлық ауданындарында тікелей байланыс жүргізілді.
— Бізді яғни, мүгедектерді, соғыс ардагерлерін әуре — сарсаңға салған күндеріміз өтіп жатыр. Елбасымыздың 1995 жылы 28 сәуірде бекіткен № 28,42 баптарында тайға таңба басқандай жазылған. Ұлы Отан соғысына қатысқандарға түрлі жеңілдіктер берілген. Сонымен қатар, басқа мемлекеттерде де жеңілдіктер бар. Біздің 6 бапта Ауған соғысы ардагерлері ғана көрсетілген. Мысалы, мен 1968 жылы Дуна операциясында болғанмын. Біздің арамызда Семей полигонына қатысқан мүгедектер де баршылық. Біздің жүрегімізді қынжылтып, балтырымызды сыздататыны басқа қалаларда соғыс ардагерлеріне жеңілдіктер түбегейлі жасалған. Осы мәселелермен мен 2016 жылы бұрынғы әкім К.Көкірекбаевқа сұрақ берген едім. Сол сұрағымды қәзір презендумда отырған, кезінде қала әкімі болған Н.Календеров шешеміз деп айтып еді. Сол әлі күнге дейін шешілмей келеді. Енді қасықтай ғана қысқа өміріміз қалды. Сол ғұмырымызда салауатты өмір сүрсек дейміз. Ардагерлер мен мүгедектерден өтініш біздің жағдайымызды жасап берсеңіздер. Екінші мәселе, 2006 жылдан бері жер телімін алу үшін кезекте тұрмын. Осы уақытқа дейін ала алмай жүрміз. Бұл неге байланысты? – дейді Дүйсенбек Тауасаров.
Аталған мәселеге жауап берген Н.Календеров сол уақытта шешім жалпы тарифке байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мектеп оқушыларынан басқаларының барлығы заңға сәйкес босатылғанын жеткізді. Дегенмен Асқар Исабекұлы ондай заңда қарастырылмағанын айтып, мүмкіншілік бар болғанын тілге тиек етті. Ал тұрғынның жер телімдеріне қатысты сұрағына аймақ басшысы бүгінде жер инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін ғана берілетіндігін атап өтті. Дегенмен бұл мәселе бойынша алдағы уақытта жұмыс жасалатынын мәлім етті.
Фото Алтынбек Қартабай
TURANINFO.KZ