22.05.2025 жылы Тараз қалалық №2 сотының үкімімен «Б» есімді автомобиль жүргізушісі, жол жүрісі қағидаларын бұза отырып механикалық көлік құралымен (скутер) соқтығысуының нәтижесінде екі кәмелеттік жасқа толмаған азаматтың «ауыр» дене жарақаттарын алуына алып келген жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан, кәмелеттік жасқа толмаған механикалық көлік құралының (скутер) жүргізушісі мен жолаушысы мүгедек болып қалған.
Осы орайда, Тараз қаласының прокуратурасы қатаң ескертеді!
Скутер және мопед жүргізушілеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, қауіпсіздік арнайы киімдерін киюді.
Ата-аналарға!, көлік, оның ішінде екі дөңгелекті арнайы жүру құралдарын тізгіндеуге тәжірибесі жоқ және жол жүрісі ережелерін меңгермеген балаларын рульге отырғызбауын.