«Ақаулар байланыс операторлары желілерінде болып отырған жоқ. Шындығында, біздің талдауымызға қарағанда, Ресейде де, бізде де ақаулар болды. Meta компаниясының қызметтеріне қатысты. Бұл қызметтердің тізімін білесіздер. Біздің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты айтар болсақ, ақау ұлттық оператордың инфрақұрылымынан шықты», — деп түсіндірді Оразбек Сенатта өткен брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, еш жерде мінсіз инфрақұрылым жоқ.
«Мeta — бұл әлемдегі ең ірі контент провайдерлерінің бірі және оның инфрақұрылымында ақау шығып жатыр. Бізде де бар, бірақ өте сирек. Қазіргі уақытта кейінгі ірі ақау 2023 жылы және қазір болды. Бұл ақауларды мүмкіндігінше реттеп жатырмыз және біз жай ғана жойып қана қоймай, себебін анықтап, бұл аумақтағы ақаулардың қайталанбауын қадағалаймыз», — деді Асхат Оразбек.