«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу басталғанын жариялаймыз.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты 45-97-13, 43-62-38 (Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) телефондары арқылы алуға болады.
Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1, 5-қабат,
50 кабинет, халықты жұмыспен қамту және еңбек көші-қоны бөлімі, эл.пошта: ukzsp_taraz@zhambyl.gov.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы