«Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты.
«Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында #JasOtanQoldaidy атты челленджге ұласты.
Челлендж басталған күні қазақстандық әнші BTS тобының солисінен кейін орын алған, қазіргі уақытта 5 294 812 дауыспен бірінші орында тұр.
Дереккөз- baq.kz: https://baq.kz/news/othernews/dimash-kudaybergen-king-choice-reytinginde-kosh-bastap-keledi/