«Өтірік статистиканы доғару керек! «Жастар практикасы» бойынша төленетін жалақыны өсіру керек. Жастардың кәсіп бастауына берілетін несие бюжет тапшылығынан тоқтап қалған. Қайта жалғастыру керек», — деді ол.
Депутаттың сөзінше, «Жастар практикасы» бойынша 1 жыл жұмыс істеген жастар кейін бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Ол бұл шешімді қайта қарау керек екенін де жеткізді.
«Дәмхана, мейрамханада қосымша жұмыс істеген жастар мен «Жасыл елде» қызмет еткен жастар «Жастар практикасына» қатыса алмайды. «Зейнетақы жарнасы төленген» дейді. Мұны қайта қарау керек!
ҚР ІІМ «Қазақстандағы қылмыстың әрбір үшіншісін жұмыссыз жастар жасайды» (дейді — еск.). Үлкен проблема. Жастар ресурстық орталығына әкімдіктің әңгіртаяқ ойнатуын тоқтату керек!» — деді ол.