Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» Жамбыл облысында «Демеу» волонтерлік әлеуметтік кіші гранты аясында «Жамбыл облысы жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы тұрғындар мен кездесу — семинарлар өткізілді. Кездесу — семинарларды жүргізіп, сұрақ жауап бөлімінде қордаланған мәселелерді жинақтаған бірлестік заңгері Исламбек Дастан.
Әлеуметтік жоба барысында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы бойынша 22 ауылда болып, 589 адам қамтылды. Жоба мақсатына сай тұрғындармен кездесу өткізіп, халықтың әлеуметтік, қоғамдық және жеке сұрақтары бойынша ашық сұхбаттасу өткіздік.
Сапармыздың алғашқы нүктесі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жаңаөткел ауылы болды. Мақсатымыз жырақтағы ағайынның жағдайын біліп, шешілмей жатқан мәселелерінің түйінін тарқату, ауылдағы күрделі жағдайларды халықтың өз аузынан естіп , ол жағдайларды билік өкілдеріне жеткізу, тек қана қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді тыңдап қоймай, тұрғындардың жеке бас сұрақтары бойынша да тыңдалым өткіздік.
1.Жаңаөткел ауылы ауданнан жырақ жатқан шеткері ауыл. Бірақта ауылға апаратын ескі жол жөнделген, халық оған қуанышты. Ауылда көп мәселе шешімін тапқан,жарық бар, ауыз су мен қамтылған. Тек ауылға табиғи газ тартылмаған және интернет пен ұялы байланыстың ұстамауы мәселесі барлық ауыл тұрғындарының шешімін тапса екен деген жалпы өтініші.
- Екінші тоқтаған ауылымыз Жаңаөткел ауылынан қатты алыс емес Тоғызторау ауылы. Ауылдағы негізгі мәселе көрші ауылдағыдай ұялы байланыс мәселесі. Интернет тек мектепте , үйдің ішінде WI-FI құрылғысы арқылы ғана ұстайды , үйден шыққан соң тартпай қалады. Ұялы байланыс алысты жақындататын, ауылда неше түрлі жағдайлар болады , шұғыл міәселелер.Сол кезде ол байланыстың көмегі өте қатты керек болады деп тұрғындар базынасын жеткізді.
Ауыл тұрғыны Сапарханова Индира ханым ауылда тұрған соң мектепте істейтін жұмысынан бөлек қосымша кәсіппен айналыссам деген ойы бар екенің , бірақта бұл жақтағы мәселе судың жетіспеушілігі . Ауылда су сақтайтын резервуардың болғаны мен де оның істемей тұрғаның айтып қынжылысын білдірді.
3. Келесі ауыл Өрнек ауылы. Бұл ауылда да жол мәселесі өз шешімін тапқан. Ауыл халқының жалпы сұрағы ауылға газ қашан кіреді.Оның жұмыстары қалай жүріп жатыр,тағы әлі ұзақ күтемізбе деген уайымдарын жеткізді. Ауыл тұрғының айтуынша көтерген мәселесі, ауыл жанынан өтетін Аса өзенінің жағдайы. Жеке өңдірістік компаниялар өзен табанынан құм алып өздерінің кәсібін жүргізгенімен де. Ол ауылға , ауыл халқына кесірін тигізіп жатыр деп өз қынжылысын білдірді.
4.Ерназар ауылы. Ауылдағы негізгі мәселе газ. Сол газды ауыл халқы асыға күтуде. Одан кейінгі жағдай көше жарықтары. Ауылда 8 көше болса, оның тек біреуінде ғана жарық бар.Ауыл халқы өз қаражаттарынан көшеге жарық шамдар алып орнатайын десе аудандық ЖЭС рұқсат бермейді дейді тұрғындар. Келесі жағдай ауылда белайыннан басқа сеть ұстамайды.
- Бесінші барған ауылымыз Қаракемер ауылы. Ауыл аудан орталығына жақын орналасқан. Бірақта біраз қордаланған мәселелері бар болып шықты. Ауылда білікті дене шынықтыру мамандарының арқасында, олардың талантты жастарды танып жаттықтруының арқасында тек аудан емес облыстан асып республикаға танымал футболшылар тәрбиелеп шығаруда. Бірақ бір әттегенайы ауылда заманауи футбол алаңшасының болмауы. 2020 жылы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың өзі соғылады деп уәде беріп кеткенің айтып ауыл халқы үміт үзбей күтуде. Келесі жағдай ауыз су мәселесі.Ауылдағы ауыз судың сапасы сын көтермейді және уақытылы берілмейтін болып шықты. Бұл ауылда су үйді-үйге тартылмаған халық суды көшеден тасып ішеді. Мектепті жылыту отының көмірден газға ауыстырса деген өтініштерің білдірді.
- Келесі ауылымыз аудан орталығына тиіп тұрған Құмтиын ауылы. Бұл ауылда көп мәселе көршісі Қаракемер ауылына қарағанда жолдары болып ертерек шешімін тапқан.Бұндағы тек бір мәселе ауыл көшесіндегі жарық мәселесі. Сол мәселе шешілсе ауыл тұрғындары басқа сұрақтары жоқ екенің жеткізді.
- Жетінші ауылымыз аудан орталығы Аса ауылы. Ауылдағы Бауыржан Момышұлы мектебінің акт залының жылу мәселесі ақсап тұр.
8.Бірлесу Еңбек ауылы. Ауылда ешқандай шешімін таппаған мәселе жоқ.
- Еңбек ауылы. Еңбек ауылында да шешімін таппаған біраз мәселелер жинақталып қалыпты.
Ең бірінші жағдай ауылға осыдан 6 ай бұрын көшеге жарық орнатылған. Бірақ сапасыз болып шыққан. Қазіргі таңда тек әр жерден бір екеуі ғана сығырайып жанып тұр деп тұрғындар ашулы. Қолынан келгендер шам алып есік алдындағы бағанға орнатып қойған. Жарықтың жоқтығы әсіресе оқушыларға зиян. Тас қараңғыда оқушылар қорқады, алдарынан ит немесе мал шығып қалып оқыс оқиға орын алуы мүмкін деген жағдайды тұрғындар алға тартады.
Екінші жағдай күрделі мәселеге айналған газ мәселесі.Ауыл тұрғыны Қуатжан Есеев мырзаның сөзі бойынша ауыл тұрғындарының барлығы 140 мың теңгден газ тартып береміз деген мердігерге жинап берген. Осы биыл әкімдер сайлауының алдында әкімнің өзі кіріп үй-үйді аралап шыққан. Сол кезде қуанып газ кіретін болды деп бұрынғы көмір пештерін бұзып тастаған. Кіретін газдары әлі жоқ. Солай екіұдай жағдайда қалдық дейді ауыл тұрғындары. Газ кіргізіп беремін деген жігітті тұрғындар жақсы танимыз деп отыр.
Үшінші мәселе ауыл ішіндегі жол мәселесі. Ауыл бойынща 4 көше болса, соның 2 көшесі асфальтталмаған. Жауынды күндері жүру мүмкін емес және ауылдың барлық малы өрістен сол көшелермен өтетіндіктен шаң өте қатты көтеріліп кәдімгі тұман сияқты болып тұрады, екі үш метірдегі адамды көру мүмкін емес дейді ауыл тұрғыны Қуатжан Есеев.
- Оныншы ауыл Ащыбұлақ ауылы. Ауылдағы негізгі мәселе бұл жақтада газ. Бұл жақтың тұрғындары да газ кіргіземіз деген мердігерлерге ақшаларын жинап берген толықтай. Әлі газ жоқ.
Екінші мәселе ауылда бірде -бір көшеде жарық жоқ. Тұрғындар кеш батса айдың жарығымен жол табуға мәжбүр. Ауыл қазіргі таңда қараңғы түнекте отыр.
- Келесі ауыл Қазақ — Қырғыз шекаралық аймақта орналасқан Бесағаш ауылы. Ауылдағы негізгі мәселелердің бірі Мариям Мырзахметова көшесінің жарық мәселесі. Ол көше апарар жол болғандықтан көп оқушылар өтеді. Қазіргі қыс уақытында күн ерте бататын болғандықтан қараңғыда ерте түседі. Көше қараңғы болғандықтан оқушылар, балалар қорқып жүруі қиын екенің ауыл тұрғындары ашына жеткізді.
12.Он екінші ауыл Түркісіб ауылы. Ауылда негізі әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан. Ауылдағы мектепте мұғалімдердің 50 % мамандар. Бірақ олардың көбісі Дипломмен ауылға мемлекеттік бағдарламасын пайдаланбаған.
- Келесі ауылымыз Тараз шаһарына жақын орналасқан Қаламаңы ауылы. Ауылдағы негізгі мәселелердің бірі ауылда медициналық амбулатория жоқ. Тұрғындар медициналық көмек алуы үшін көрші ауылға баруға мәжбүр. Ол амбулаторияда тек қана бір маман жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарының өтініші ауылға амбулатория соғылса екен және тек қана аптаның бір ақ күніңде қабылдау өткізбей халыққа ыңғайлы уақытта көмек көрсетсе екен деген өз өтініштерін білдірді.
- Келесі ауылымыз тағыда Қырғыз шекарасына жақын орналасқан Қаратау ауылы. Ауыл аудан орталығынан алыста жатыр. Ауылға былтыр газ кірген, бірақ газ құбырларын тартып болғаннан кейін қазылған жерлерді тегістемей көшелерді орнына келтіріп кетпеген. Соның саладарынан ауыл көшесі жаңбыр жауса батпақ, жел тұрса шаң болып тұрғындардың рәсуәсін шығарады.
Келесі мәселе ауылға апаратын жолда қиын бұрылыстар саны көп, бірақта ол бұрылыстарға бұрылыс бар екенің ескертетін жол знактары қойылмаған соның салдарынан жол апаты көп болады.
15.Он бесінші ауылымыз Айша бибі кесенесі орналасқан Айша бибі ауылы. Ауыл облыс орталығына жақын орналасқандықтан көп мәселе шешімін тапқан,халықтыңда көкейінде мазалаған жеке сұрақтары болмады.
- Келесі ауылымыз Бектөбе ауылы. Ауылдағы ең өзекті мәселе жайылымдық жер мәселесі. Ауыл қалаға жақын орналасқандықтан жер тар жәнеде жайылымдық жерлердің көбісі жеке адамдардың қолына өтіп кеткен. Қазіргі таңда бұл мәселе әлі күрделі болып тұр.
17.Шайқорық ауылы. Бұл ауылда қалаға жақын орналасқан ауыл көшесінің жарық мәселесі. Адамдар оқушылар көп жүретін үлкен көше санатына жататын Алаш көшесіне жарық орнатылмаған. Ауыл қалаға жақын орналасқандықтан қаладан қатып Шайқорық мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер көп. Ауылға қаладан тек бір ғана №5 қоғамдық көлік екі ортада жүреді. Маршрут уақытынан бұрын тоқтап қалады және де азанда кеш шығады. Осы мәселе ертерек шешімін тапса екен деп ауыл тұрғындары өтінішін жеткізді.
- Келесі ауылымыз Бесжылдық ауылы. Ауылда барлық қоғамдық әлеуметтік мәселелер толықтай оң шешімін тапқан.
- Жалпақтөбе ауылы. Ауылда көп мәселе шешімін таппай қордаланып қалған.Бірінші мәселе ауылда және де мектеп маңында қаңғыбас иттер көп жүреді. Қаңғыбас иттердің адамдарға әсіресе жас балаларға мен оқушыларға қауіпі өте үлкен. Ауылда талай баланы қаңғыбас иттер талап тастағаның алдыға тартып, тұрғындар осы мәселені ертерек шешілсе деген тілектерін жеткізді.
Екінші мәселе. Ауылдың негізгі орталық көшесімен автобус өтеді, бірақта автобус күтетін аялдамалардың жағдайы сын көтермейді. Төбелері ашық және қирап жатыр.
Үшінші мәселе. Ауылдағы жер асты құбырларының бөлінетін торабына қойылған кольцо люк мәселесі. Сол люктардың қақпақтары ұрланып кеткендіктен оған машиналардан бөлек адамдарда түсіп кеткен жағдайлар көп орын алған. Ашық тесіктерге адам құлап мүгедек болып қалған жағдайларда тіркелген.
- Жиырмасыншы ауыл Жасөркен ауылы. Ауыл қалаға қатты алыс болмаса да әлі газ мәселесі толық шешілмеген. Бұл ауылда да ашық люктердің мәселесі өте күрделі болып отыр және де ауыл көшелері ойыдым- ойдым тесік көп жөндеу көрмегені не біраз жылдың жүзі болған.
- Келесі ауылымыз Қызылқайнар ауылы. Ауылдың негізгі мәселелері толықтай шешілген.Ауыл тұрғындарыныңда өздерін алаңдатқан жеке сұрақтары тіркелмеді.
22.Соңғы ауылымыз Гродекова ауылы. Ауылда барлық қоғамдық әлеуметтік мәселелер толықтай оң шешімін тапқан.