13-14 қазан 2022 жылы Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Рrimary health Care» Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Алматы декларациясының 44 жылдығына және МСАК бойынша Астана декларациясының 4 жылдығына арналған «алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» тақырыбындағы Халықаралық Конгресс өтті. Конгрессте арнайы қонағы болып Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты Гүлдара Нұрымова қатысты. Конгресстің ашылуында сөз сөйлеп, екі күндік жиынға басынан аяғына дейін қатысқан «Халық қалаулысымен» сұхбаттымызды ұсынамыз.
- Қайырлы күн, Гүлдара Алданышқызы “АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР» Халықаралық конгресі аясында қандай жаңалықтар байқадыңыз?
Саламатсыздар ма, оқырмандар. Сіздің сұрағынызға жауап беретін болсам, бүгінгі таңда медициналық санитарлық көмек барлық елдерде ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 13-14 қазанда Жамбыл облысы Тараз қаласында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» тақырыбы бойынша халықаралық конгресс өтті. Сол конгресс аясында біздің облысымызда төрт мемлекеттік мекеме кірді. Олар: Меркі аудандық ауруханасы, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы, Талас аудандық орталық ауруханасы және Тараздағы бесінші қалалық емхана. «Үздік тәжірибелер орталығы» деген жоба енгізілді. Жоба біздің облысымызда және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орын алды. 13 қазан күні Меркі ауданы орталық ауруханасына барып сол жерде өзіміз көзімізбен көріп, естіп, қалай жұмыс істеп жатқандығы таңғалдырды, оның бәрің инновация деп айтуға болады. Жаңа бағытта қойылған. Бәрі де сол ем алушыларға, науқастарға барлық жағдай жасалған. Күтіп алу, содан кейін мәлімет беру, тез арада көмек көрсету, тез арада дәрігер қабылдау, дәрігер болмаса медбике қарап дәрігердің жұмысын жасап жатады. Ол қан қысымын өлшеп, пульсті тексеріп, рецепт жазу, дәрігердің кейбір жұмыстарын медбикелер жасап жатады. Соның нәтижесінде кезекте көп отырмайды науқастар. Содан кейін тез арада сол емханаға келіп кеңес алып, көмек алып ем алып шығады. Ер азаматтардың денсаулығы тақырыбында, дұрыс тамақтану, темекі шегу зияндығын, туралы айтылатын бөлмелер орын орналасқан.
- Қаншалықты дәрігерлер арасында Конгресстер өткізіп тұру керек?
Енді дәрігерлер арасында конгресстер конференциялар, форумдар тағы басқа шаралар өтіп жатады. Ол аз емес, жақында ғана туберкулезге қарсы үлкен халықаралық конференция өтті. Келесі аптада сирек кездесетін аурулар сол тақырыпта үлкен халықаралық форум өтеді. Түрлі форматта жиындар өтіп тұрады. Содан кейін, хирургтарға, терепавтарға, урологтарға қатысты жиындар жиі болып тұрады. Ол бәрі керек және маңызды. Өйткені, денсаулық саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Аппараттар, дәрілер дейміз, қазір әлемде көп жаңалықтар болады денсаулық саласында. Соған дәрігерлер барып қатысу керек деп ойлаймын.
- АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕКті бірінші кімдер көрсеткен дұрыс?
Алғашқы медика-санитарлық көмекті осы мекемелердің медицина қызметкерлері көрсету керек. Ол медициналық пункт болама, ФАП болама немесе дәрігерлік амбулатория болама, емханама сол жерде істейтін медицина қызметкерлер, дәрігерлер, медбикелер болу керек.
- АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК жай азаматтар көрсетсе жедел жәрдемнің қажеттілігі болмай қалмай ма?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін мекемелер айтқандай емхана, дәрігерлік амбулатория, ФАП дейміз және мендпукт. Адам ауырып қалғанда сол жерге барып алғашқы көмек көрсетіледі. Дәрігер қабылдайды, ем тағайындайды, сол жерден ем алады. Болмаса ауруханаға жібереді. Бәріде сол емхана, дәрігерлік амбулатория арқылы жасалынады барлық көмек. Ол алғашқы медициналық санитарлық көмек. Сонымен қатар, жедел-жәрдемнің төртінші категориясы сол емханада, дәрігерлік амбулаторияларда сол жерде көрсетіледі. Ол «хранический» ауру дейміз, қатты қауіпті жағдай болмағанда жедел жәрдемнің төртінші категория көрсетеді. Жедел-жәрдемнің басқа көмектері 103 пен жедел жәрдем станциясы арқылы алынады.
Сұхбатыңызға рахмет, Гүлдара Алданышқызы!
Сұхбаттасқан Исламбек Дастан.
Фото автордікі.