Сұрақ: Кейде ішімнен дұға етуге деген қалау туындайды. Сондай жағдай орын алған сайын дұға етуімнің зияны жоқ па?
Жауап: Дұға етудің зияны болмайды. Имам Раббани хазреттері айтқан:
«Қалау – қолжеткізудің сүйіншісі. Күйіну де қауышудың бастамасы деген сөз. Ғұламалар «Беруді қаламаса, қалауды бермес еді» деген.» (61 хат)
Хадис шәрифтерде де былай делінеді:
«Дұға етуге деген қалау туындағанда дұға етіңдер. Өйткені бұл – дұғаның қабыл болуының белгісі.» (Тирмизи)
«Аллаһу та’ала біреуге дұға етуін тағдырға жазған болса, қабыл етуді де тағдырға жазған.» (Әбу Нуайм)
ДЕРЕККӨЗ: https://www.islamdini.kz/articles/2283