Өткен жылы энергетика министрлігіндегі вице-министрлердің бірінен соң бірі ұсталып, қамалғандығы қоғамды дүрліктірді. Г.Сәдібеков, Б.Джақсалиев жіне А.Шкарупаға қатысты қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сауал жолдаған болатынбыз.
-
«Қазіргі уақытта күдіктілер Г.Сәдібеков пен Б.Джақсалиев және олардың қорғаушылары іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етіліп қылмыстық іс материалдарымен танысу құқықтары түсіндірілгенін хабарлаймыз.Сонымен қатар, А.Шкарупаға қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен тергелуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша басқа деректері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмеуге тиіс» делінген жауап хатта Департамент басшысы Қ.Сүлейменов.
Бұдан бұрын біле алғандығымыз А.Шкарупаны мамандандырылған тергеу сотының шешіміне сәйкес 16 тамызға дейін қамауда ұсталатындығы туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Ал, Г.Сәдібеков пен Б.Джақсалиев үй қамақта отыр.
Айта кетерлігі, 2018 жылдың 2 мамыр күні Ғ.Сәдібековке, маусым айының басында Б.Джақсалиевқа, 24 қараша күні А.Шкарупаға қатысты қылмыстық іс басталғандығы хабарланған болатын.
TURANINFO.KZ