Бұған дейін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамаға қатысуда жасқа шектеу қойылмаған еді, тіпті зейнет жасына толған адамдар да қатыса алатын еді. Алайда ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес жағдай өзгерді.
«Енді жас шектеуі белгіленді: ерлер 59 жастан, әйелдер 57 жастан үлкен болмауы керек. Бұйрық бекітіліп, күшіне енді», — деді Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілі.
«Болашақ» — Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық білім беру стипендиясы. Ол 1993 жылы 5 қарашада ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылды.