Республикамыздың шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың аса маңызды механизмдерінің бірі – «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы болып тұр.
Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асуы, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне үлкен серпіліс беріліп отыр.
Бағдарламаны іске асыру үшін 2017 жылға Республикалық бюджеттен 3279,4 млн. теңге қарастырылған. Атап айтқанда:
— субсидиялау бағытына – 1682,7 млн. теңге; (2016 жылы- 1982,2 млн. теңге)
— кредиттерге кепілдік беруге – 126,0 млн. теңге (2016 жылы- 156,0 млн. теңге);
— жетіспейтін инфрақұрылымды дамытуға – 1425,6 млн. тенге. (оның ішінде — РБ 848,0 млн. теңге, ЖБ 577,6 млн. теңге) (2016 жылы- 601,7 млн. теңге);
— гранттық қаржыландыруға – 45,0 млн. теңге (2016 жылы- 33,0 млн. теңге).
Бағдарламаның жүзеге асырылуынан бастап (2010 жылдан бері) барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 88,7 млрд. теңгені құрайтын 897 жоба Аймақтық Үлестіру кеңесімен мақұлданған.
Оның ішінде:
— субсидиялау бағыты бойынша — 754 жоба;
— кредиттерге кепілдік беру бойынша — 265 жоба (оның ішінде 243 жоба субсидияданда қолдау алған);
— жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша — 82 жоба;
— гранттық қаржыландыру бойынша 39 жоба жүзеге асырылуда.
Жоғарыда аталып өткендей, 2010 жылдан бері «Банк кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы несие сомасы 75,3 млрд. теңгеге 754 жобаға несие берілді. Бағдарламаның жүзеге аса бастаған уақытынан бері осы мерзім аясында мемлекет тарапынан субсидиялауға берілген қаражат сомасы 7,2 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде 2017 жылы 1,7 млрд. теңге қарастырылған. (2016 жылға бөлінген қаражат 1,9 млрд. тг.).
Аталған құрал бойынша 2010 жылдан бері облысымызда 679 жобаның келісіміне қол қойылып республикалық рейтингте 5 орынды иеленіп отыр, сонымен қатар 2017 жылдың 8 ай көрсеткішіне назар салатын болсақ 90 келісімге қол қойылып республикалық рейтингте төртінші орынға алып отыр.
Облыста іске асып отырған жобалар бойынша Тараз қаласымен аудандардың үлесіне назар аударатын болсақ қолдау алып отырған 754 жобаның 405 немесе 53,7% Тараз қаласының еншісінде, қалған 349 жоба аудандарда іске асырылуда.
Аудандар бойынша рейтингке келетін болсақ 2010-2017 жылдар аралығында қолдау алған жобалар бойынша Шу, Байзақ, Қордай аудандары алдыңғы қатарларды иеленіп отыр.
Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға елімізде үлкен көңіл бөлініп отырғаны бәрімізге мәлім. Бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлерде қаржыландырылған жобалар бойынша Республикалық рейтингте 277 жобаның келісіміне қол қойылып 2 орынды алып отыр.
Облысымызда Бағдарламаға екінші деңгейдегі 12 банк және 4 лизинг компаниялары қатысып келеді. Соның ішінде кәсіпкерлерге кредиттік қолдау көрсеткен банктер көшін, 242 жобаны қаржыландырған «Қазақстан Халық Банкі» бастап келеді, «Банк ЦентрКредит» 106 жобамен екінші орында болса, үштікті 73 жобаны қаржыландырған «Форте банк» тәмамдап отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде саябырлық танытып отырған Банк RBK – 2 жоба/ «Qazaq банкі» -14 жоба/, «ВТБ банк» — 22 жоба/ атап өтуге болады.
Бағдарламаның аясында субсидияланған жобалардың сала бойынша құрылымдық үлесі негізінен «Өңдеу өнеркәсібі» — 25,5%, «Көлік және қоймалар» – 18,2%, «Агроөнеркәсіп кешені» – 12,9%, болып отыр.
Бағдарламаның «Банк несиелері бойынша кепілдік беру» құралы шеңберінде, жалпы кепілдік сомасы 3,1 млрд. теңгені құрайтын 265 жобаға кепілдік берілді.
Оның ішінде, 2017 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша жалпы кепілдік сомасы 648,1 млн. теңгені құрайтын 53 жоба мақұлданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 203% артып отыр, 2016 жылдың 8 айында 29 жоба мақұлданған.
Республикалық рейтингке тоқталатын болсақ, жеті жыл қорытындысы бойынша, Жамбыл облысы келісімге қол қойылған (246 жоба) кепілдік саны бойынша алдыңғы қатарды иеленіп отыр. (2 орын)
Аталған құрал бойынша Екінші деңгейдегі банктер арасындаға рейтингке келетін болсақ 103 жобаға кепілдік алған «Қазақстан Халық Банкі» бастап келеді, «Сбер банк» 45 жобамен екінші орында болса, «Банк ЦентрКредит» 37 үшінші орынды алып отыр. Сонымен қатар, аталған құрал бойынша төмеңгі көрсеткіште «Qazaq банкі» -1 жоба, «Нұр банк» — 2 жоба және «АТФ банк» — 3 жобаны атап өтуге болады.
Бағдарламасының келесі құралы — «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту». Елбасымыз «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты жолдауында көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамыту керектігін айтқан болатын.
Бүгінгі таңда, аталған бағыт бойынша жалпы құны 11,3 млрд. теңгені құрайтын 82 инвестициялық жоба Аймақтық Үйлестіру кеңесімен мақұлданған.
2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 848,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 577,6 млн. теңге қарастырылып 16 жобаға өндірістік инфрақұрылым тартылуда. (Оның 12 жобасы 2016 жылы мақұлданған 4 жоба 2017 жылы мақұлданған)
Бағдарламаның аталған құралы бойынша аудандардың көрсеткіштері төмендегідей:
Байзақ ауданы – 14 жоба;
Тараз қаласы – 12;
Т. Рысқұлов ауданы – 11 жоба;
Меркі ауданы – 10 жоба;
Қордай ауданы – 7 жоба;
Жуалы ауданы – 6 жоба;
Жамбыл ауданы – 6 жоба;
Талас ауданы – 5 жоба;
Сарысу ауданы – 5 жоба;
Шу ауданы – 4 жоба;
Мойынқұм ауданы – 2 жоба.
Бағдарламаның гранттық қаржыландыру құралы бойынша 5 жыл көлемінде Аймақтық үйлестіру кеңестің шешімімен қаржыландыруға жалпы сомасы 112 млн. теңгені құрайтын 39 кәсіпкердің жобалары мақұлданды. Нәтижесінде 177 жаңа жұмыс ашылуда.
Қысқаша облысымыздың «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы орындалу барысы осындай, алдағы нәтижелерінен көре бастадық десек те болады.
Исламбек Дастанұлы