• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Биыл үш мың қазақстандық әскери жиыннан өтеді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов айтты. 

12.07.2024
0
Биыл үш мың қазақстандық әскери жиыннан өтеді
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қорғаныс министрлігінің өкілі журналистерді жиынның мақсаттарымен, оларды өткізу мерзімдерімен, жас топтарымен және жиынды өткізу кезеңіндегі әлеуметтік кепілдіктермен таныстырды.

Спикер әскери жиынның негізгі мақсаты бейбіт уақытта қысқартылған санда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, сонымен қатар жұмылдыру жағдайында Қарулы күштерді өрістету үшін қажетті запастағы әскери-оқытылған ресурстарды даярлау және жинақтау деді.

Генерал-майор Сәкен Жүсіпов 30 күнге созылатын әскери жиын жыл сайын өткізілетінін айтты. Өткен жылы оған 1500 адам қатысса, бұл жолы олардың саны екі есе артты.

Әскери жиынға шақырылатындар санының артуы әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлау жолымен әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне байланысты. Әскери жиынға қатысу әскери міндеттілердің білімін өзектендіруге және олардың әскери істегі дағдыларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді, – деді ол.

Спикер оған қоса БАҚ өкілдеріне әскери жиынға шақырылатын азаматтардың заңнамада белгіленген жасы және шақырудан босатылатын адамдардың санаттары туралы мәлімдеді. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрам өкілдері 50 жасқа дейін, ал офицерлер 60 жасқа дейін шақырылады. Егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар, оқу жылы ішінде күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогтері, он сегіз жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар адамдар әскери жиынға шақырудан босатылады. Одан бөлек азаматтар шақырылғанға дейін міндетті түрде медициналық комиссиядан өтуі тиіс.

Әскери жиынға шақырылған азаматтар әскерде қызмет ететін әскери қызметшілермен тең дәрежеде заттай мүлікпен, тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

Әскери жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, яғни оларға орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге – мемлекет есебінен ең төменгі 85 000 теңге жалақы төленеді.

Әскери міндеттілерді жиынға жеткізу және кері қарай тасымалдау Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен теміржол және автомобиль көлігімен жүргізіледі. Жиын оқу полигондарында өткізіледі, оның барысында әскери міндеттілерді далалық лагерьге орналастырады.

Бас штаб бастығының орынбасары әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер әскери қызметші мәртебесіне ие болатынын және казармалық жағдайда тұратынын да атап өтті. Оларды бөлімнің орналасқан жерінен босатуды ішкі қызмет жарғысында белгіленген ережеге сәйкес жиын бастықтары жүргізеді.

Брифинг соңында генерал-майор Сәкен Жүсіпов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

ҚР Қорғаныс министрлігі

Тегтер: әскержиынҚорғаныс министрлігіполигонсарбаз
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский