• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бітімгершілік- дауды реттеудің әң тиімді тәсілі

turan_admin turan_admin
26.09.2023, 11:47
Абырой
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА
91
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақ қоғамында ертеден-ақ билер соты деп аталатын ел басқарудың тамаша демократиялық жүйесі қалыптасқаны баршамызға мәлім.  Билердің сол кездегі негізгі ролі – заңгерлік және бітімгерлік болған. Бабаларымыздың да, Елбасымыздың да діттегені – ынтымақ, бірлік, достық, сыйластықты сақтау. Береке — бітімі артық елдің еңсесі биік болады. Заманға сәйкестену – заманмен үндесіп үйлесу.

Қазіргі таңда соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу тәртіптеріне, сотта тараптарды татуластыру рәсімдеріне ерекше көңіл аударылды.

Қолданыстағы Азаматтық процестік кодексте татуласу рәсімдері мен медиация институтын дамыту сияқты маңызды мәселелер өз шешімдерін тауып отыр, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Жаңа процестік заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

 Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде Заңда: татуластыру рәсімдері (жеке тарау- 17-ші тарау), медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен партисипативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған.

Сот медиациясының бір артықшылығы – азаматтық іс шеңберінде талап арыздың көлемінен тыс сол дауға байланысты көптеген мәселелерді шешуге болады. Медиация кезінде талап қоюдың мәнін және негіздемесін бір мезгілде өзгертуге рұқсат етіледі. Басқа татуластыру рәсімдері кезінде талап қоюдың мәнін және негіздемесін өзгертуге жол берілмейтіндіктен, сот медиациясын қолданудың артықшылығы – талаптың мәнін және негіздемесін өзгерту үшін жаңадан талап арыз берместен, туындаған даудың төңірегінде осы дауға байланысы бар бірнеше мәселелерді (туындаған сұрақтарды, талаптарды) түпкілікті шешуге мүмкіндік береді. 

Әсіресе, бұл балалардың тәрбиесі, туыстар арасындағы мұрагерлік туралы, көршілер, еңбек ұйымдары арасындағы туындаған дауларды шешу кезінде өте тиімді. Мысалға, некені бұзу туралы істің шеңберінде қосымша талап арыз бермей-ақ, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ортақ мүлікті бөлу сияқты мәселелерді сот медиациясы шеңберінде шешуге болады. 

Сонымен қатар, міндетті түрде жоғары заң білімі бар адамдардың өкіл ретінде сотқа жіберілуі туралы прогрессивті ережелер орын алып отыр.

 Сот процесінде тараптар татуласып немесе бітімгершілік келісімге келіп жатса, іс бойынша төленген мемлекеттік баж кері қайтарылады. Бұл норманың өзі тараптарды татуластыруға материалдық тұрғыдан ықпал жасайды.

Сонымен, тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жатады. Ал, кассациялық сатыдағы сотта татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған кезде, төленген мемлекеттік баж кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну кезінде төленген соманың елу пайызы мөлшерінде бюджеттен қайтарылуға жатады.

Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды қарау барысында процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады және сот осындай келісімдерді сот ұйғырымымен бекітіледі.

 

Жамбыл аудандық сотының судьясы                     Д.С.Қыдыралиева

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.