Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша астананың «Г» тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталуға Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікке ілінді.
Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланған.
Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі