Кішкентай қыз танымал виртуалды ойынды ойнап, ақша ұтып алғаны жайлы хабарлама алған. Танымайтын адаммен сөйлесіп, ақшаны алу үшін оның нұсқаулығын орындайды. Алаяқтар одан ата-анасының ұялы телефондарын суретке түсіруді сұраған. Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен оқушы онлайн-несие рәсімдеп, қомақты қаражатты алаяқтарға аударған.
Нәтижесінде, 460 мың рубль (шамамен 2 400 000 теңге) көлемінде ұрлық жасалған.
Еске салайық, жақында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар балаларды олардың ата-аналарының қаржылық қаражатына қол жеткізу үшін қалай алдайтынын және алаяқтықтан қалай қоғануға болатынын ұсынған болатын.