Берік Әбдіғалиұлы: «Рухани құндылықтарды қалыптастырумыз қажет»
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Əбдіғалиұлы: «Рухани құндылықтарымызды қалыптастыруға «Қасиетті Қазақстан» жобасы арқылы ұмтылған мифтерді, ел аузындағы аңыздар мен тарихи фактілердің тізімін жасап, 5 жылға арналған «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында тыңғылықты жұмыстар атқаруымыз қажет. Осы тұста 2000 жылдық тарихы бар Тараз, ежелгі Әулиеата жерінің маңызы орасан. Осы жоба аясында тек киелі орындарды ғана емес, елді қорғап, жау алдында тізе бүкпеген Байзақ датқа сынды батырлардың бастан кешкен ерлік істерін, олардың жатқан орындарын таныту үлкен мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Тараздан 9 орын аталған жобаға ұсынылып отыр. Менің ойымша бұл әзірге аз. Өкінішке орай Тараз бойынша Алашордашылардың тарихы жазылмаған. Алайда өткенге үңілер болсақ, Әулиеата уезінің басшысы болған азаматтарымыздың ұлт мүддесі үшін жасаған тарихи ерліктері қалыс қалып отыр. Осы мәселе алдағы уақытта жолға қойылса деген ниет бар. Бұл жоба тарихи орындарды насихаттайтын жоба емес, керісінше тарихи орындардың аңыздары арқылы халықты рухани байытатын жоба болып табылады. Жоба арқылы аудандар мен облыстар арасында бәсекелестік пайда болып жатыр. Бізге мұның қажеті жоқ. Әр өңірдің тарихы – қазақтың біртұтас тарихы. Мысалы біз 2015 жылы осы Тараз жерінде қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік. Ал қазақ хандығының туы тігілген Қозыбасы, Хантау жерлері әлі белгіленген жоқ. Ол жерлерде қазба жұмыстары жүргізіліп, ту тігілген жер нақты белгіленіп, тарихы тереңінен зерттелсе ол орын да «Қазақстанның киелі жерлер географиясына» еніп, тізім толықтырылады.
TURANINFO.KZ