• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ: «ҚЫСҚА МЕРЗІМ ІШІНДЕ КАНАЛДАРДЫ, АРЫҚТАР МЕН ДРЕНАЖДАРДЫ ТАЗАЛАУДЫ АЯҚТАУ КЕРЕК»

06.04.2021
0
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ: «ҚЫСҚА МЕРЗІМ ІШІНДЕ КАНАЛДАРДЫ, АРЫҚТАР МЕН ДРЕНАЖДАРДЫ ТАЗАЛАУДЫ АЯҚТАУ КЕРЕК»
230
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Наурыздың соңғы онкүндігінде жауған жаңбыр жауапты сала мамандарының көктемгі су тасқынына дайын еместігін анық көрсетіп берді. Бұл жағдай жыл сайын қайталанады, алайда ешқандай қорытынды шықпай келеді. Демек, аймақ тұрғындарының шағымдары орынды. Не себепті мұндай жағдай орын алады, осы мәселені аппараттық кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарастырған еді.

Су басудың басты себебі арықтардың, каналдардың, дренаждық желілердің, көпірлер мен шлюздердің  уақытылы тазаланбауында болып отыр. Бұған дәлел – Тараз, Байзақ, Жуалы және Талас аудандарында орын алған жағдай.

—  Тиісті басқармалар, Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да жауапты құрылымдар бар, комиссия жұмыс істейді, бірақ тұрғын үйлер мен учаскелерді су басу жалғасуда,  — деп атап өтті өңір басшысы.

ТЖД бастығы Ермек Момбаевтың сөзінше, 2830 шақырым каналдардың, арық және дренаж желілерінің 2431 шақырымы немесе 86% тазартылды. Қалған 399 шақырым ерекше назар аударуды қажет етеді, олар бойынша жұмыстар екі апта ішінде аяқталады.

—        Неліктен бұл жұмысты ертерек жүргізу мүмкін болмады, ауа-райы қарайласып тұр емес пе. Комиссия жұмысының нәтижесі қайда, берілген тапсырмалардың орындалуын не себепті ешкім қадағаламайды? Қазір су жинайтын уақыт, алайда су тұрғын үйлерге төгіліп жатыр. ТЖ Департаментіне метеорологтардың деректері негізінде алдын ала жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстау қажет. Сізде үлкен өкілеттіктер бар, қажет болған жағдайда айыппұлдармен жазалаңыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Ермек Момбаев тұрғын үй секторларын су басу кезінде жағдайды бақылаудан шығарып алғаны үшін Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне жауапкершілікті жүктеді.

Мониторингке сәйкес, Тасөткел су қоймасы 78%, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы – 80%, Киров су қоймасының толтырылу деңгейі 75% құрады.

Жақын маңдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарынан жоғары орналасқан 14 су қоймасында халықты хабардар ету мақсатында ескерту тақтасын орналастыру қажет. «Тасөткел» су қоймасындағы бөгеттің көтергіш қабілеті мен бойының техникалық жай-күйін анықтау үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет. Талас өзенінің Байзақ ауданына қарасты «Қызыл жұлдыз» ауылы тұсындағы  су ағысын баяулатқыш бетон тосқауылының жылдан жылға тозығы жетуі ауыл тұрғындарына қауіп келтіруі мүмкін.

Одан әрі талқылау барысында Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов аталған нысанды жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлудің мүмкін еместігін, аталған мәселе Тараз қаласына қарасты екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Сарыкемер ауылындағы аулаларды су басудың себебі арықтардың жабық болуымен байланысты екенін түсіндірді. Бүгінгі таңда «Байзақ Су» кәсіпорнының көмегімен мәселе шешімін тапқан.

Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауов каналдарды тазалау кезінде тиісті ұйымдар жергілікті билікпен ақылдаспайтынына шағымданды. Ол Мәмбет су артериясындағы жұмыстарды мысал ретінде келтірді.

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев негізгі арналарды тазалауға механикалық жасақтардың жәрдемдесуін сұрады, қалған мәселелер бақылауда.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбековтың сөзінше, «Жамбыл су қоймалары» мекемесіне қарасты 19 су қоймасындағы бөгеттерді нығайту, су реттеуіш механизімін  жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет. Оның жетеуі ағымдағы жылы жөнделсе, қалғаны –  келесі жылдың еншісінде.

Жалпы, өткен бес жылда су қоймаларын жөндеуге миллиардқа жуық теңге жұмсалды. Аслан Оразбеков су қоймаларына қызмет көрсету үшін арнайы техника сатып алуды ұсынды. Бердібек Сапарбаев экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аталған сауалды қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, ол су қоймаларының қаншалықты толтырылғанын сұрады. 90%-дан астамы 62, қалғаны 30%-дан 50%-ға дейін толтырылған, деген жауап берілді.

— Бүгінгі күннің басты мәселесі – су деңгейін үнемі бақылау және табиғаттың бізге берген ылғалын барынша жинау қажет, — деп атап өтті облыс әкімі.

Ол сондай-ақ механикалық жасақтарды қолданудың тиімділігін сынға алды.

— Механикаландырылған жасақтар тапсырылған жұмысты соңына дейін орындамайды, осы жерде және Жуалы ауданында төтенше жағдай орын алады, — деді Бердібек Сапарбаев.

Олжас Қаржауов Қарақұм каналының алты шақырымы ғана тазартылғанын, қалған 3,5 шақырымын «Қазсушар» РМК көмегімен ретке келтіруге тура келгенін айтты.

— Барлық әкімдер мен жауапты басқармалардың басшылары қысқа мерзімде каналдарды, арықтар мен дренаждық желілерді тазалауды аяқтауы тиіс. Механикаландырылған отрядтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, су қоймаларын құлақтандыру жүйелерімен жарақтандыру қажет. Арналарды тазарту аудан әкімдерімен келісілуі керек. Тапсырмалардың орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасарлары Ұлан Жазылбек пен Берік Нығмашевке жүктеймін, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: әкімжиналысЖУАЛЫтазалық
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты