Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барып, ондағы тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Аймақ басшысы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.
— Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы – денсаулық, тәрбие және оқу. Біз барлық жағдайды жасауға тырысамыз, ал сіздер жақсы оқып, айналаны танып, биіктерден көрініп, еліміздің лайықты азаматы атануға тырсыңыздар! Барлық арман-тілектеріңіз орындалып, өмірде тек сәттілік серік болсын! Біз сіздерге сенеміз! – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі орталыққа жаңа шағын автобус көлігін табыс етті. Орталық директоры Айжан Мейірханова мекемеге осындай үлкен көлік аса қажет болғанын айтып, балалардың атынан ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ, орталықта Жаңа жыл қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер Тимур Манашев пен Ғазиз Бектырдиевтің, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары Ерқанат Манжуов, Ерболат Саурықовтың және Талғат Жолтаевтың қолдауымен заманауи монша салынған.
Айжан Мейірханова қашанда балаларды қолдауға дайын тұратын қамқор азаматтарға алғысын білдірді.
– Депутаттарымыздың қамқорлық танытудағы нақты істері қуантады. Басқа әріптестеріңіз сіздерден үлгі алуы керек, олардың да көмектесуге мүмкіндіктері бар деп ойлаймын. Біз балалардың жайлы да алаңсыз өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз, – деді облыс әкімі.
Бұдан соң акт залында «Мейірімділік мекенінде!» атты жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мерекелік концерт өтті. Балалар би билеп, жаңа жылдық әндерден шашу шашты.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі