Тараз қаласы, Ш. Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының мәжіліс залында «27 ақпан – Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күніне» арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Бүгінгі «дөңгелек үстел» отырысына өздеріңізбен бірге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін Тілешұлы, Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ақылбеков Ералы Нұрғалиұлы, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері қатысты.
Жиынды Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Дастан Исламбек Дастанұлы жүргізді. Ол қатысушыларды мерекемен құттықтап, ҮЕҰ-дың қоғамдағы рөлі мен олардың азаматтық бастамаларды дамытудағы маңыздылығына тоқталды.
«Дөңгелек үстел» барысында Өңірлік XІІ Азаматтық форумды 2025 жылдың мамыр айында өткізу жоспарланғаны айтылды. Форумда талқыланатын тақырыптар қатарында:
1.Азаматтық сектордың жаңа ұстанымдары;
2.Азаматтық қоғам институттарының шешім қабылдау процестеріне қатысуы;
3.Азаматтық қоғам институттарының стратегиялық даму процестерін құру және жетілдіру.
Іс-шара барысында өңірде белсенді қызмет атқарған ҮЕҰ өкілдеріне алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Олардың қатарында Жамбыл облысы әкімдігінің Құрмет грамотасы мен орталық мемлекеттік органдардан келген алғыс хаттар бар.
Жиын соңында қатысушылар қоғамдағы азаматтық бастамаларды дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салып, билік пен ҮЕҰ арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.
Жамбыл облысының азаматтық қоғамы белсенді түрде дамып, әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
TURANINFO.KZ