Бұл ақпаратты «Время» газеті растады. Қазақстандық журналист, қоғам қайраткері 58 жасында көз жұмған.
Лев Тараков Киевтегі жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер болып бастаған.
Әр жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінде, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ, «Известия-Казахстан» газетінің бас редакторы болған.
Лев Тараков «Литер-Медиа» холдингінде жұмыс істеген. 2023 жылғы мамырдан бастап «Время» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.