• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ ӨЗІНЕ КЕСЕНЕ АШЫП ҚОЙҒАН БА?

27.04.2022
0
БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ ӨЗІНЕ КЕСЕНЕ АШЫП ҚОЙҒАН БА?
948
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазығұртта Бекет Тұрғараев өзіне жататын кесене салып алыпты, судьялардың парақорлық деңгейі осындай деп атап кеткендер болып, видео дауға ұласты.
Әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты оқырмандардың бірі былай деп пікір қалдырыпты: «Маңғыстауда – пір Бекет, Қазығұртта – сот Бекет». Бекет Тұрғараевтың ұзақ жылдар сот саласында қызмет еткенін көрсетсе керек.

Қазығұртта шынымен экс судья өзіне кесене тұрғызды ма деген оймен Түркістан облысына жолға шықтым. Бекет Тұрғараевтың мавзолейі бар ма деген оймен әлеуметтік желіден іздеп, интернет ресурстарында мавзолей авторы видеодан кейін бірнеше сұхбат беріп тастапты. Барымен танысып шықтым.

Батыс Қытай- Батыс Еуропа тас жолының Шымкент қаласынан Ташкентке барар жолдың бойынд а Сарапхана ауылының аумағында екі еңселі батырдың ескерткіші қарсы алады. Жылқының үстінде отырған халық қаһармандары Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс Баһадүр.

Екі батырдың артында “Батыр бабалар” атты мемориалдық кешені Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай бой көтерген. Мемориалдық кешенді “Жеті жарғы және Қожаберген жырау” қайырымдылық қорының төрағасы Б.Тұрғараев 2018 жылы берілген.

“Мәңгілік ел саябағы” деген аркада Мемлекеттік елтаңба ілініп тұрғанын көріп саябақтың мемлекет қорғауында екенін түсіндім. Саябақ ішіндегі Абайдың қара сөздері, заманауи балаларға арналған алаңша, Әбдірайымұлы Рахманбердінің ескерткіші, Үш биге арналған ескерткіш (ескерткішті орнатқан Төкен Жұмағұловтың фотосынмен тақта орнатылған), “Алаш арыстары” ескерткіші орналастырылған. Барлық ескерткіште «Жоба жетекшісі Бекет Тұрғарав» деген тақтайша бекітілген.








Шынын айтсам, мемлекеттік қаражатқа жасалған саябақ болса, мұндай болмас еді. Ауасы тамаша, табиғаты керемет екен. Әсіресе, шырша мен ағаштардың симметриялы түрде егілгені көз қуантады. Ол саябақтан жаяу серуендеп жүргеннің өзі бір үлкен демалыс екен. Келушілерге арналған дәретхананың тазаланып тұрғанын байқадым. Сонымен қатар, арнайы іс шаралар өткізу үшін арналған зал мен төрт жаздық алаңша бар екен. Осы жылғы рамазан айында екі рет ауызашар беріліпті.




Атышулы мавзолейдің есігін тарс жабық тұр. Ішіндегі айтылған Бекет Тұрғараевтың әке-шешесінің, әйелінің бюсттерін көре алмай қайттық. Сондай-ақ саябақ қызметкері сұхбат барысында өздерінің әкімдікке қарайтын қызметкерлер екендіктерін, Бекет Тұрғараевтың анда-санда келіп тұратындығы туралы айта кетті.

ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ ӨЗІНЕ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ КҮМБЕЗ КӨТЕРГЕН

Жамбыл облысына белігілі азамат, мәдениет қайраткері, бірталай жыл облыс әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы болған, “Жамбыл” ескерткішін қоқыс лақтырғанына төзе алмай әкімді сотқа берген Әлібек Әмзеұлы 70 жас мерейтойынан жиналған қаражатына көз тірісінде маңғыстаудан алынған ақтастан күмбезін көтеріп қойған болатын. Әлібек Әмзеұлы өткен жылы коронавирус деген жаман аурудан дүние салған болатын. Сол кезде жаназасын шығарып, қара жерге жатқызғанын құлақпен естісек те, көзімізбен көріп, жатқызған болатынбыз.


ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРҒА ЖЕР ТЕГІН БЕРІЛЕДІ, ҚЫЗМЕТІ АҚЫЛЫ

Өздері қайтыс болмай жатып, өздеріне, әке-шешесіне, әйеліне жер сатып алатын адамдар көп па деген сауалмен “Арнайы рәсімді көрсету” ЖШС директоры Қадырхан Абдуллаевпен телефон арқылы сұхбаттасқан болатынмын.

Сондай жағдайлар болып жатыр. Ашығын айтқанда, алдын ала өздері айтып қояды. Шариғат бойынша да, ата — бабаларымыздың дәстүрі бойынша болмайды ғой деп қанша айтсақ та, тыңдап жатқан жоқ. Бірақ олар санаулы адамдар. Бұны енді ұлттық мәселелерге тиіп кетем бе деп, одан да қорқамыз. Зиратта жер сатылмайды. Жер тегін беріледі. Біздің алатын ақымыз қазып бергеніміз 11500 теңге. Соны орнатып береміз. Ал жер тегін беріледі. Адам басына 6-7 шаршы метрден бөлінген деп заңда да көрсетілген. Одан бізді тыңдап жатқан біреу бар ма? Көпшілік емес.
Зират басына үлкен күмбез қоятындар байлар екен. Бір кездері бір жасы үлкен кісі үлкен күмбез көтеріп жатқан орта жастағы азаматқа «Неге мұндай үлкен мазар көтердің, одан гөрі жетім жесірге, мешітке көмек бермейсіз бе?» деген сауалға орта жастағы азамат былай жауап берді: “Ата жетім жесірге де, мешітке көмек бердім. Сізге көмек берейін бе? Жақыныма қандай күмбез көтерсем де өзім білемін» деп жауап берген болатын. Бұған күлеміз бе, әлде жылаймыз ба білмеймін.

Исламбек Дастан

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzБекет атапір Бекетсот Бекет
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты