• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

БАУБЕКОВ І ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКТЕГІ БАР АЗАМАТТЫ ҚОРҒАП АЛДЫ

30.07.2022
0
БАУБЕКОВ І ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКТЕГІ БАР АЗАМАТТЫ ҚОРҒАП АЛДЫ
726
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімі Жорабек Баубеков І топтағы мүгедек деп танылған аппарат басшысы Амангелді Нәметқұлов әрекетінен ешқандай заңсыздық көрмеуде деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.

Түсіндіре кетейік, Меркі ауданы әкімінің аппарат басшысы Амангелді Нәметқұлов 2022 жылы І топтағы мүгедек атанып, жұбайы мүгедекке қараушы ретінде жәрдемақы алатыны белгілі болды.

Осы жағдай бойынща Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі мен Меркі ауданы әкіміне сауал қойылған болатын. Алия Абдукаликова әлеуметтік желі пайдаланушы «Не деген масқара бұл? Нағыз қамқоршы керек неше ме балалар бар 18ге толды деп күтіушісінің ақшасын тоқтатып тастаған ол бір, 2ші жағдай қыз бала коляскада отырады, өз өзіне күтім мүлде жасай алмайды сол қызды пенциядан айырып больницағада өзі жатыу керек деп анасын жолатпаған! Не деген мыйсыз жаны ашымайтын қоғам, сөзім жоқ!» пікір білдірсе, Тараз қалалық мәслихат депутаты, Қазақстан халықтық партиясының көшбасшысы Жанат Абдуалиева «Масқара. І топтағы мүгедек, ол жұмысқа жарамсыз болады» деген ойымен бөлісті.

Ал, заңгер Раушан Джумажанова «1 топтағы мүгедектік еңбекке жарамсыз адамға тағайындалады. Ал күтімші оған тиісті медициналық және басқадай қамқорлық жасау үшін тағайындалады. Егер аппарат басшысы еңбек етуге жарамды болса, онда мүгедектік заңсыз тағайындалған. Әкімшілік өз жауабында мүгедектің еңбекке қабілетін көрсетіп, оның мүгедектігінің заңдылығына күмән туғызуда. Сонда мемлекеттік қызметкер әлі мемлекеттен айлық, әрі әйелімен бірге әлеуметтік көмек алып отыруы заңға сиымды ма? Нақты денсаулығына байланысты мүгедектік ала алмай отырған азаматтардың ашу ызасын туғызуы заңды құбылыс. Аппарат жетекшісінің мүгедектігіне қатысты мәселе заң аясында қайта қаралуы, не болмаса ол мемлекеттік қызметтен босатылуы тиіс» деген пікірімен бөлісті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Жамбыл облысы департаментінің төмендегідей жауап берді:

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімі аппараты басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне) Нәметқұлов Амангелді Нәметқұлұлы лауазымға аудан әкімінің 1.11.2021 жылы №475-ө өкімімен тағайындалған. Жалпы еңбек өтілі: 36,8 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 22,9 жыл.
А.Нәметқұловқа 4.02.2022 жылы жүрегіне ота жасалып, LVAD аппараты қойылған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық филиалы арқылы 5.04.2022 жылы № 6 Шу ауданы медициналық сараптамалық экспертиза комиссиясы №050420220196 медициналық әлеуметтік сараптаманың актісінің негізінде 1-топ мүгедектігін берген. Мүгедектік себебі: Жалпы ауру (Общее заболевание).
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте қабылдаған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны» 2015 жылғы 20 ақпандағы №288-V Қазақстан Республикасының Заңымен ратификациялаған.
Конвенцияның 27- бабының 1- тармағына сәйкес, қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде еңбек ету құқығын таниды; ол мүгедектің еркін таңдаған немесе оған ерікті түрде келісім берген еңбекпен, еңбек нарығы мен өндіріс ортасы мүгедектер үшін ашық, инклюзивті және қолжетімді болып табылатын жағдайларда өзін-өзі асырау мүмкіндігін алу құқығын қамтиды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» №39 Заңының 14, 32- баптарында мүгедектігі бар адамдардың еңбек ету құқықтары айқындалған.
Аталған Заңның 31 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуі қарастырылған.
Яғни, көрсетілген Заң нормаларының талаптарына сәйкес, азамат Нәметқұлов Амангелді Нәметқұлұлы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құқығы бар.
А. Нәметқұловтың лауазымдық нұсқаулығына сәйкес, оған аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттерді орындауға, аудан әкімінің аппарат жүйесінің жұмысын жүзеге асыруға, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырмаларын және әкімдік пен маслихаттың қаулыларын, жоғары орган актілерінің орындалуын қадағалау жүктелген.
Яғни, А. Нәметқұловтың лауазымдық нұсқаулығында айқындалған міндеттеріне сәйкес, еңбек етуіне (денсаулығына) қатер төндіретін еш кедергілер жоқ.

А. Нәметқұловтың жұбайына қатысты.

Азамат А. Нәметқұловтың жұбайы Алдиярова Кулиза Курмашевна 18.05.2022 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық филиалы арқылы жалпы бақылап, тиісті медициналық көмек көрсету үшін (жараның орнын таңу үшін — перевязка) көмекші ретінде рәсімделген.
Яғни, А.Нәметқұловқа жұбайы күтімші ретінде тіркелгені заңға қайшы келмейді.
Себебі, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» №365-I Заңының 1-бабы, 1-1 тармақшасына сәйкес, күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға.
Осы Заңның 3- бабында азаматтардың жәрдемақы алуға құқығы қарастырылған. Бұдан бөлек, Заңның 4- бабының 2- тармағына сәйкес, күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.
Аталған Заңның 5- бабының 2-3 тармағына сәйкес, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.
Сондай-ақ, 6- бабының 8- тармағына сәйкес, бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, азамат А. Нәметқұловтың Қазақстан Республикасындағы әрекет етуші заңнамасына, лауазымдық нұсқаулығына, біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына қандай да бір кедергілер жоқ деп пайымдаймыз.
Жалпы 2022 жылдың I жартыжылдығындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында барлығы 46 мың 28 адамда мүгедектік бар болса, олардың ішінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда барлығы 47 (жергілікті атқарушы органдарда- 17, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде- 30) мүгедектігі бар мемлекеттік қызметші қызмет атқарады.

Ал, Меркі ауданы әкімі Жорабек Баубеков аппарат басшысын ақтап, оның адал, жоғары білікті азамат ретінде білетіндігі туралы айтты. Әкімнің пікірі төменде

Айта кетерлігі, мүгедек адамға жұмыс істеуге ешқандай кедергі жоқ. Бірақ ондай адамдар жұмыс таба алмай жүреді. І топтағы мүгедектегі адам жұмыс істемеуге болмайтын топ десе де, мемлекеттін жауапты қызметінде жұмыс істеп жүргенін көрудеміз. Заңның бір адамға ыңғайлы, екінші адамға ыңғайсыз екендігінің тағы бір дәлелі.
TURANINFO.KZ
Тегтер: амангелді наметкуловжорабек баубеков
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

02.06.2025
Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.06.2025
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

02.06.2025
Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

02.06.2025
Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

02.06.2025
Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

02.06.2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

02.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты