• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІСІ. МАМЫР АЙЫ.

24.05.2019
0
БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІСІ. МАМЫР АЙЫ.
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Әлеуметтік желі арқылы бұқара халықпен кері байланыс орнату бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің жұмысын айқындайтын негізгі көрсеткішке айналып отыр. Жүктелген міндетті Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқарма басшылары қалай атқаруда? Өздерінің фэйсбук аккаунттарында қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақпарат беру жиіліктерін, сапасын саралап көрдік. Нәтижесін төмедегі мәліметтен көре аласыздар.
Облысымызда 24 басқарма бар. Сонымен аутсайдерлер қатарына басшысы жоқ басқармалар енді. Олар: Жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы, Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Тілдерді дамыту басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасы, 20 орында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қанат Айтқұлов, 19 орында Еңбек кодексі бұзылған кезде тексеретін мекеме, Сарысу ауданынан ауысып келген Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Балабек Нарбаев, 18 орында Ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияров, 17 орында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров, 16 орында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов, 15 орында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова, 14 орында Қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева, 13 орында Құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров, 12 орында жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов, 11 орында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев, 10 орында дін істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров, 9 орында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков, 8 орында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, 7 орында туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова, 6 орында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.
5 орында. Осы жолы барлық «тәтті кәмпиттер» осы басқармаға түсуде. Расында «Қара пиарда пиар» болып саналатынын білсек. Соның нәтижесін көріп отырмыз. Осы қызметке дейін бұл кісіні тек аппарат қызметшілері ғана танитын. Ал қазір, фэйсбук арқылы біраз елдер біліп, танып қалды. Бұл орынға әкесі ширек ғасыр аудандық газетті басқарған кісінің ұлы Мәди Мәтен жайғасты. Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысына жыл басынан бері өте көп сыни пікір айтылған болатын. Соның нәтижесі болар жұртшылықпен кері байланыс орнатып, өткізілетін іс шаралар туралы ақпаратпен бөлісіп отырады.
4 орында «ақ халатты абзал жандардың бас дәрігері» денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов. Марат Сейітбекұлының өз ісіне жауаптылығының бір көрінісі «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында болған жарылыстан кейінгі «оперативті қимылы», әсіресе 24 сағат ұялы телефонын көтеріп жауап беруге дайын екендігіне көзіміз жетті.
3 орында. Облыс әкімі аппарытында бас маманнан бастап, аппарат басшысының орынбасарына жетіп, ендігі салалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов орналасты. Көп балалы аналарға және атаулы әлеуметтік көмек бойынша сұрақтарға, Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне берілетін жәрдемақы туралы даурықпа сөздерге тез арада жауап беріп отырды.
2 орында. Қызметтегі сатылы лифттен өткен, қаншама жылдар бойы сол басқармада орынбасар қызметтін атқарып, үш басқарма басшысын өткерген ішкі саясат басқарма басшысы Дауыл Бейсенқұлов тұрақтады. Ішкі саяси ахуалды зерделеу, бақылау, функционалды міндеттері жүктелгендіктен фэйсбук желісі арқылы қоғамдағы көтерілген мәселелер қадағалауда ұстап мүдделі мемлекеттік органдарға жолдап отырған басшы.
1 орында. Өзінің жеке ұялы телефон нөмерін наразы ата-аналарға, мұғалімдерге қорықпай айтып, жазып жүрген білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова. Білім саласы өте ауқымды екенін, сынға да өте көп ұшырайтындығын білеміз. Мұғалімдерден, ата-аналардан ақша жинау, мектептің «ремонты» деп жинау тыйым салынғандығы туралы өзінің фэйсбугі, мектепке қажетті заттарды алуға ақша үкіметтен бөлінетінін ашық айтып жүргендігіне көзіміз жетіп жүр. Айғайымен дауы көп басқарманың басшысының осындай бағытта жұмыс жасап жүргендігі көз қуантады. Тағы да айта кететін жәйт, облысымызда ең көп қаралатын сайт осы басқармаға тиесілі екен. Ол туралы өзінің тренингінде Асхат Еркімбай атып кеткен болатын.
Біз әрі қарай да желілердегі пікірлерді зерделеп, басқарма басшыларын жұмысын бақылап бағалайтын боламыз.

TURANINFO.KZ

Тегтер: Дауыл БейсенқұловЖамбыл облысыРахия ТурмаханбетоварейтингТимуржан Нұрымбетов
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты