Қазақстан көпұлтты, көпдінді мемлекет болған соң әркім өз қалауынша жүре алады. Елімізде мемлекеттік немесе міндеттеліп қойылған дін жоқ. Әркімнің дін таңдау құқығы өзіңде. Алайда, ата-ана баланың дін тандау құқығынан айыра ала ма?
Осы сауалды Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының Ақпараттық түсіндіру бөлімінің басшысы Ерзат Жақыповқа қойған болатынмын.
-“Ешқандай ата-ана кәмелет жасқа толмаған балаларды дінге зорлап кіргізе алмайды”. Бұған дәлел Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңының Бала және дiн мен 35-бабында көрсетілген.
1.Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни. дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
- Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi. Оған дәлел осы заң бола алады. Жеке пікірім біз қазақ болған соң баларымызды дәстүрлі ислам құндылықтарына негіздей отырып,салт дәстүрді құрметтеуге отанын сүюге білім мен ғылымға тәрбиелеуіміз керек. Мысалға, Абай Шәкәрім аталарымыздың мұсылмандық дүниетанымын саналарына сіңіру керек деп өз пікірін аяқтады.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы Бақыт Жақсылықовамен тілдескен болатынмын.
— Қазақстан біздің еліміз зайырлы мемлекет. Бала отбасында тәрбиеленуі қажет. Мысалы, мектеп табалдырығында, бала-бақшада дінді насихаттауға болмайды.Бірінші сынып оқушысына орамал таққызып қойған жағдайларды да көріп жатырмыз. Осындай мәселелер менің ойымша дұрыс емес, мектеп жастағы бала мектеп қабырғасында бекітілген киімді киюі тиіс. Сол жарлыққа сәйкес, ата-аналар да, балалар да жүруі керек. Ал енді баланың 14-15 жасқа дейін бала білімге, спортқа, үйірмеге барып, бір кәсіп алуы өте дұрыс деп ойлаймын. Бұл жағынан баланың болашағына көп пайда келеді. Ал енді, діни көзқарасты қалыптастыру ол 18 жастан асқаннан кейін, оң-солын білгеннен кейін, бала өзі таңдау жасай арқылы жасалады. Кәмелеттік жасқа дейінгі балаларға еркіндік берсек, дінге қатысты уағыздар айту, мешіттерге бару деген сияқты шаралар осындай жағдайларға алып келеді. Әрине, ұлттық тәрбие қажет. Ата-ананың, әженің тәрбиесі өте қажет. Ол діни тәрбиемен қарама-қайшы келмейді. Біз былтырғы жылы аудандарды аралап, 9-10-11 сынып оқушыларымен кездестік. Балалардан Ата Заңы Конституция құқықтарын біледі ме? Қылмыстық кодекс, Әкімшілік кодексті біледі ме деп, кездесу өткізгенбіз. Сол кездесуде балалардың ең бірінші қойған сұрақтары «мешітке ата-ағаларымызсыз баруға құқығымыз бар ма?»болды. Бұл нені білдіреді, бұл біздің балаларымыздың мешітке көп баруы, сабақ уақытында баруы орын алғанын білдіріп отыр. Бұндай нәрсе болмау керек. Әрине бала білу керек оның барлығын, бірақ таңдауды 18 жаста жасаған дұрыс.
— Бақыт Сауқымбекқызы, мектеп жасындағы балаларға ата-аналар өздерінің еркінсіз хиджаб кигізіп қойған жағдайда мемлекет баланы отбасынан қорғай алады ма?
-Ең біріншіден, ол бала өзі ата-анасының хиджабты зорлықпен кигізгенін айтпайды. Екіншіден, сол баланы органдарға дейін апаратын болсақ, 10 жасқа толған баладан өз пікірін сұрауға мүмкіндік бар. Ол бала өз пікірін айта алады. Егер сол мәселе дәлелденсе, сот органдарына дейін жетеді. Сот органдары арқылы біз ол ата-ананың балаға діни көзқарасына байланысты талап етіп отырғандығын дәлелдей алсақ, ата-анаға шара қолдана аламыз. Басқа жағдайда біз ешқандай шара қолдана алмаймыз. Өйткені, ата-ана не айтса, бала соны айтып тұрады. Сондықтан да бізге бұл жағдай өте қиындау болады. Ал егер бала айтып тұрса, онда жағдай басқаша. Кей жағдайларда біз ата-анамен күнде сөйлесіп, оның ойын өзгерте аламыз. Мысалы, мектепте орамал тағып жүрген қыздардың ата-аналарымен сөйлесіп, мектеп жарғысын сақтау керек деген мәселені көтерген кезде, көп ата-аналар ойланады. Содан кейін қыздарына үйлерінде орамал таққызып, ал мектепте орамалын шешетін жағдайлар орын алады. Біз көбінесе бұндай жағдайларда ата-анамен жеке жұмыс жүргіземіз. Діни қызметкерлерді, прокуратура қызметкерлерін, басқарма, психолог мамандарды да қатыстырамыз.
Одан кейін Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ Оңалту жұмысы бөлімінің басшысы – Дулат Төлегеновтан сұхбат алған болатынмын.
Баланың дін таңдау құқығы өзінде ме ?
-Енді баланың дін таңдау құқығы бойынша, бұрынғы заман бойынша, Қазақстанда діни бірлестіктер, жаңағыы тіркелген діни, тіркелмеген діни бірлестіктерге, балалар түрлі сылтаулармен немесе ойыншықпенен тәттіменен ақшаменен деген сылтаулармен балаларды ата-ананың сылтауынсыз, сондай дінді бекіністерге барып жатады. Ал қазіргі таңда ондайға шектеу қойылған. Қазір комелент жасқа толмаған балалар тек қана ата-ананың рұқсатымен ғана сол жерге сақталады. Мен ойлаймын енді ол дін таңдау деген тақырып ол баланың күштеп жүргені деп. Бұл жаңағы мешіттерге тіркеуге тек қана өзінің жақын адамдарының ескертулерімен ғана болады.
Дулат Рашидұлы, оқушылардың мектепке хиджаб киюіне қалай қарайсыз?
-Әр мекеменің өзінің заңы бар. Мысалы, ауруханаға барсаңыз халатты киюге міндеттісіз ғой, жақыныңыз ауырып қалса, сіз халатты киесіз. Өйткені, ол ішкі тәртіп. Оны кимеймін деп айта алмайсыз және тәртіпке бағынасыз. Сол секілді мешітке келсеңізде, мешіттің өзінің тәртібі бар, аяқ киімді шешіп кіру деген сияқты. Мысалы, әйелдер мешітке кіргенде де шашын жабады, үстіне қысқа киіп немесе әурет жері ашық болса, жаңағыдай қысқа белдемшелер кисе, ұзын көйлек киіп алады деген секілді әр барған жерде өзінің ұстанымы бар. Ал, енді тура сол секілді мектепте де сондай тәртіп. Ол тәртіпке бәріміз бірдей бағыну керекпіз. Олда заң. Мектепте біркелкі форма кию керек. Ұлдардың формасы қандай болу керек, қыздардың формасы қандай болу керек. Сол кезде мектеп қабырғасында кез келген діни мәселеге жол бермеу керек деп ойлаймын. Бұл тек хиджабқа қана қатысты мәселе емес. Иә әрине, хиджабта бар оның ішінде. Сондықтан мен ойлаймын мектепте өзінің діни сеніміне байланысты, әлеуметтік, моральдік тактикасына байланысты мектептер, оқу ғимаратына тыс жерде киседе өзінің еркі. Ал жаңағыдай белгілі бір мекеменің ішінде болғаннан кейін, сол мекеменің өзінің заңдарына сәйкес жүру керек деп есептеймін.
Әрбір адам өзінің діни сеніміне берік болуы керек.
Серікбай Таңшолпан