Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты үкім шықты. Еске салайық, сот процесі 18 сәуірде басталып, іс аясында 48 эпизод қаралды. Сәуірдегі отырыстардың көп бөлігі айыптау қорытындысын жариялауға арналды. Мемлекеттік айыптаушы сол отырыстарда 16 эпизодты ғана оқып үлгерген.
Жолманова — бұл істе жалғыз айыпталушы емес. Бұған дейін ірі көлемде пара алу ісімен танылған бұрынғы полицей Данияр Кушалиев те осы қылмыстық істің фигуранты ретінде өтуде.
Светлана Жолманова Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі көлемде алаяқтық жасау») бойынша кінәлі деп танылып, 10 жыл бас бостандығынан айырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Светлана Жоламанова Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанармен университет қабырғасында бірге оқыған.