Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеті мен салт-дәстүрі, ана тілі, ұлттық идеология, ұлттық және мәдени бірегейлік, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дамыту сынды маңызды мәселелерді көтеруге ат салысатын бірқатар мәдени іс-шаралардың өткізілуі қоғам талап етер заңдылық.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқау ұйымдастыруда. Байқау туралы бірлестік президенті Исламбек Дастан пікірін білдірді.
- Байқау мақсаты – аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту.Байқауға қатысуға 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Ең көп үздік үш облысты айта кеткен жөн болар. Жамбыл облысынан 47, Ақтөбе облысынан 20, Түркістан облысынан 18 өтінім келіп түсті. Айта кетерлігі, байқауға қатысушылар #ҰлыДалаӨркениеттері хэштегімен пайдалану керек. Міндеттелген әрбір іс шараға белгіленген балл қойылатын болады. Байқау ашық және жария түрде өтетін болады. Өткізілген іс шаралардың хаттамасы, анықтамасы мен фотолары 20 қазан күні сағат 23.59 ға дейін ұйымның ресми пошталасына жіберілу тиіс. Растаушы құжаттар өткізілмеген болса балл қойылмайтын болады деді Исламбек Дастанұлы.
Байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.
Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» байқауы жоспарына сәйкес әзірленді.