Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бокстан мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Astana Arlans Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз.
Белгілі болғандай, Бақтияр Артаев бокстан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы болып Болат Әбдірахмановтың орнына келді. Бұл тағайындау қазақстандық бокстың дамуына қызмет етеді деген сенімдеміз» делінген хабарламада. Айта кетейік, Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Ол Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афины Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). Сонымен қатар былғары қолғап шебері жеті дүркін Қазақстан чемпионы.
Дереккөз KAZ.NUR.KZ АҚПАРАТТЫҚ САЙЫТЫНАН АЛЫНДЫ