Бұл күн «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген. 4 маусым Қазақстанда 2007 жылдан бері тойланып келеді.
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.
«Мемлекеттік рәміздер — кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі», — деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күнінде Астанада, Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде салтанатты іс-шаралар өтеді. Іс-шара мемлекеттік Туды көтеруден және Әнұранды орындаудан басталады.